Қайталанбалы және қайталанбайтын терулер. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал.
А деңгейі
- Құрамында 5 адамнан тұратын комиссяны 8 адамнан қанша жолмен таңдап алуға болады. ?
- 20 ер адамды 1-топта 3, 2- топта 5 және 3-топта 12 адамнан тұратын топты қанша тәсілмен таңдауға болады?
- Дүкенде 3 түрлі тоқаш сатылады. 9 тоқашты қанша жолмен таңдап алуға болады?
- Әр қырлары 1-ден 10-дейінгі сандардан тұратын қанша тікбұрышыты параллелепипед құрауға болады.
- 40 адамды құрамы әр түрлі болатындай үш автобусқа қанша тәсілмен отырғызуға болады?
В деңгейі
- Почта бөлімшесінде 10 түрлі открытка сатылады. Қанша жолмен 12, 8 открытка сатып алуға болады. 8 әр түрлі открытканы қанша жолмен сатып алуға болады?
- Студентік топ 23 дамнан тұрады, олардың 10-ы ұлдар, 13-і қыздар. Таңдап алынған екі адамының ұл немесе қыз болып шығуының қанша тәсілі бар?
- 9-сыныпта 7 оқушы, 10 сыныпта – 9 оқушы , ал 11 сыныпта- 8 оқушы бар. Мектеп алаңындағы учаскені жинастыруға 9-сыныптан 2-еу, 10-сыныптан 3-еу, 11-сыныптан 1 оқушыны таңдап алудың жолы қанша ?
- 1, 2, 3, 4 және 5 цифрларынан кемімелі емес ретпен орналасқан неше бес таңбалы сан құрастыруға болады?
- "ЭПИГРАФ" сөзінің әріптері дауыстысы да, дауыссызы да алфавиттік ретпен ораласатындай қанша тәсілмен орнын ауыстыруға болады?
С деңгейі
- УРАВНЕНИЕ» сөзінің әріптерінен қүрамында 3 дауыссыз және 2 дауысты дыбыстан құралған қанша 5 әріпті сөзді құрауға болады?
- Спортлото ойынында (36 номерден 5-уін дұрыс табу) дұрыс таңдалған а) тек 3 номердің дұрыс табылуы б) тек 4 номердің дұрыс табылуы, в) тек 5 номердің дұрыс табылуы г) 3-тен кем емес номердің дұрыс табылуының тәсілі қанша?
Қосымша есептер
- Асан және Марат оқитын сыныпта - 31 оқушы бар. Асан мен Марат бір командада қүрамында болмайтындай футбол командасын (11-адаман тұратын) қанша тәсілмен құруға болады?
- 12 қыз бала мен 10 ұл баладан бес адамнан тұратын команда таңдалып жатыр. Бұл үш ұл баладан артық болмайтындай, команданы неше тәсілмен таңдауға болады?
- Бірде-бір әмиян бос болмайтындай 12 тиынды 5 әмиянға неше тәсілмен салуға болады?
- Тыс қаптаушы 12 бірдей кітапты қызыл, жасыл және көк түске қаптау керек. Ол мұны неше тәсілмен істей алады?
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру