Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Садыкова Г.Н.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу

үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып, есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың:

Мүмкін тәсілдер санын жүйелі түрде есептеу арқылы комбинаторикалық есептерді шешу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру.

Бағалау

критерийлері

Оқушылар оқу мақсаттарын игеру үшін:

Білу, түсіну: комбинаторика формулаларын біледі;

Қолдану: есептерді шығаруда комбинаторика формулаларын қолданады;

Талдау: -логикалық талдау жасай алады;

-логикалық тұжырымдама жасай біледі;

-комбинаториканың негізгі қағидаларын пайдалана алады;

-комбинаторика есептерін шығаруда аналитикалық әдістерді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-қарастырылатын есептерде «орналастыру», «алмастыру», «теру» ұғымдарының айырмашылықтарын талдайды, оларға қатысты пәндік сөздік пен терминологияны қолданады;

- есептерді шығару барысында дәйекті диалог қалыптастыра алады.

-формулаларды қажетті етістіктерді, шарттарды қолдана отырып, ауызша ұсына алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Комбинаторика, таңдама, орналастыру,алмастыру, теру,шеру, реті

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

.... неше тәсілмен орналастыруға болады?

Сіз оларды ... әртүрлі тәсілмен орналастыра аласыз......

Егер менде х орындық болса болса ....

Бізге қажетті сан барлық х алынған .... бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең.

P қолайлы оқиғадан m элементтен n таңдалым тәсілі

Х оқушыны бір қатарда орналасқан х орындыққа белгілі бір ретпен орналастырса....

Тағы бір орындалатын әрекет.....

.... қолайлы жағдай....

Құндылықтарды

дамыту

Оқушыларда:

-Тапсырманың оқу жоспарына сәйкес міндетті дағдылары: сыни ойлау мен бір-бірін қолдауды іске асыруды меңгеру топтық,жұптық жұмыс түрлерінде көрінеді;

- Диалог жүргізу барысында оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптасады;

-Топтарда жұмыстанғанда оқушылардың көшбасшылық қасиеттері байқалады.

Пәнаралық байланыстар

Комбинаторика есептері қолданатын салалармен байланыс:

Білім беру мекемелері(жоспарлау); қоғамдық тамақтану(мәзір құру); лингвистика (әріптердің комбинацияларының нұсқаларын қарастыру); география( туларды бояу, автокөліктің сандық және әріптік бөліктерінің комбинациялары арқылы номерін алу).

АКТ қолдану дағдылары

ActivInspire жабдықтамасын пайдалану.

Онлайн режимінде компьютерлік дағдылардың көрінуі.

Бастапқы білім

Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері, қосу және көбейту ережелері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау.

2.Білімді өзектендіру:

Мақсаты: қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу формулалары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дағдылар:білу, түсіну

Мұғалімнің іс-әрекеті: комбинаторика формулалары жазылған кеспе қағаздарын үстел үстіне орналастырады.

Бақылайды, қиындық туған кезде көмек береді.

Оқушының іс-әрекеті:Әрбір оқушы ұсынған кеспе қағаздың біреуін таңдайды, формулаларды сәйкестендіру арқылы жұп құрайды.

Сипаты: Карточкаларды алып, формулаларды, тұжырым-дарды сәйкестендіру арқылы жұп құрайды және жұпқа қалай бөлінгендері туралы түсіндіреді, қайталау қамтылады.

Оқушылар сабақта игерілетін сабақтың мақсаты мен оқу мақсатын анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың

ортасы

10 минут

13 минут

10 минут

3. Жұппен жұмыс

Мақсаты:Қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу формулалары туралы білімдерін қалыптастыру

Дағдылар: білу, қолдану

Мұғалімнің іс-әрекеті: Әрбір құрылған жұпқа тапсырма бере

отырып, туындаған мәселелер бойынша нұсқау жасайды.

Оқушының іс-әрекеті: тапсырманы жұптаса отырып орындау.

Сипаты:әрбір жұп талқылай отырып,тапсырманы орындайды.

Егер қандай да бір жұп тапсырма орындауға қиналса, онда мұғалім екінші жұптың мүшелерімен оқушыларды алмастырады. Оқушылар берілген уақыт өткен соң, интербелсенді тақтада ұсынылған үлгімен жауаптарын салыстырады.

Бағалау: жұптағы өзара бағалау

4. Топпен жұмыс

Мақсаты: Мүмкін тәсілдер санын жүйелі түрде есептеу арқылы комбинаторикалық есептерді шешу дағдылары

мен қабілеттерін қалыптастыру.

Мұғалімнің іс-әрекеті:оқушылардың үш шағын тобын құрады

Оқушының іс-әрекеті:талқылай отырып, тапсырманы орындау

Сипаты: оқушылар топтарының жеке қабілеттерін ескере

отырып, дифференциальдық тапсырмалар құрылады. Оқушылардың нәтижелі жұмыстануы үшін топтық дифференциация қолданылады. Бірінші топ үшін білімдер-індегі кемшіліктерді толықтыруға арналған тапсырмалар беріледі. Екінші топ үшін бар білімдерін қайталау және бекітуге арналған тапсырмалар ұсынылады. Үшінші топ үшін жоғары қиындықтағы комбинаторика есептерін шешуге арналған жаңа тәсілдерді меңгеруге арналған тапсырмалар беріледі.

Бағалау: әрбір жұптың тапсырмасын мұғалім тексереді,

талдайды, өзара кері байланыс жасайды.

5.Қалыптастырушы бағалау.

Түрі: жеке жұмыс

Мақсаты: Мүмкін тәсілдер санын жүйелі түрде есептеу арқылы комбинаторикалық есептерді шешу дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру .

Мұғалімнің іс-әрекеті:тапсырманы орындау үшін оқушыларға нұсқау береді.

Оқушының іс-әрекеті: оқушылар тапсырманы компьютер арқылы орындайды.

Сипаты: Оқушыларға комбинаторикалық есептерді шешудегі білімдері мен дағдыларын саралау үшін онлайн режимінде жүйеленген 10 есеп беріледі.

Бағалау:Жұмыс аяқталысымен компьютер оқушының дұрыс жауаптарын тіркей отырып, нәтижесін береді.Осылайша оқушылар жұмыс нәтижесімен таныса алады.

Қалыптастырушы бағалау үшін мұғалім балама нұсқауларды қолдана алады.

Қосымша 2

Қосымша 3

https://learningapps.org/5463501

Бір жауапты таңдауға арналған викторина

9 сынып

Білімді бекітуге арналған өзіндік жұмыс

Сабақтың

2 минуты

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия:Нысана

Үй жұмысы: №926, 930, 931, 932, 934, 935

Стикерлер

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу