Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Габдуллина Н.Г.

Күні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер шығару; 

Сабақ мақсаттары

Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін жинақтап бекіту

Бағалау критерилері

Оқушы:

- алмастыру, орналастыру және теру формулаларын біледі,

- есептер шығаруда қолдана алады

- есеп шартын талдап, қажет формуланы қолданады

- өзін-өзі және өзара бағалай алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

- «алмастыру», «орналастыру», «теру» ұғымдарының арасындағы айырмашылық туралы сөйлесу, пәндік сөздік пен терминологияны қолдану;

- проблемаларды шешуде және диалогта дәлел келтіру.

Арнайы лексика және терминология:

 - комбинаторика;

- комбинация;

- орналастыру;

- алмастыру;

- теру;

- санның факториалы;

- мүмкіндіктің ағашы (нұсқалар ағашы);

Қолдану / жазу үшін пайдалы тіркестер жиынтығы:

- Қанша түрлі тәсілдерді табуға болады ...;

- Сіз оларды әр түрлі тәсілмен ұйымдастыра аласыз, себебі ...;

«Егер сізде x .... болса, оларды әртүрлі тәсілдермен реттеуге болады ...

Пәнаралық байланыстар

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратпен жұмыстанудың практикалық дағдыларын игерту, ақпараттармен алмасу дағдыларын жетілдіру.

Бастапқы білім

Жиын, жиындармен амалдар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 1мин

7 мин

1. Ұйымдастыру сәті.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

2. Үй тапсырмасын тексеру.

   Мақсаты: үй тапсырмасының дұрыстығын және кемшіліктерді жою.

Мұғалім іс әрекеті: студенттердің жауаптарын үйлестіреді.

Оқушы іс әрекеті: үй тапсырмасын талқылауға қатысады.

Бағалау: өзін-өзі бағалау.

Бағалау : жұптардың бірін-бірі бағалауы

Сабақтың ортасы

7 мин

8 мин

14 мин

3.Білімді өзектендіру.

Видео.

https://www.youtube.com/watch?v=pcHVrFFkNKI

Мақсаты: комбинаторика формулалары қолданылатын қарапайым есептердің әдісі мен шешу жолын қарау

Топқа бөлу

Сипаттама: мұғалім оқушыларды жеке қабілеттеріне қарай 3 топқа бөледі, яғни әр топта қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушы болу қажет (бұл оқушылар алдыңғы сабақта анықталды)

Әр топқа орналастыру, алмастыру және теруге есептер беріледі/Қосымша1/.

Әр топ кез келген есепті таңдап шығарады.

1 топ-орналастыруға 3 есеп шығару қажет

2 топ-3 есеп алмастыруға

3 топ-3 есеп теруге

Интерактивті әдіс «Карусель».

Есептің шешімін «Карусель» әдісінің көмегімен тексеруге болады. Бірінші топ бір есепті шығарып келесі топқа тексеруге береді. Осылай сағат тілі бағытымен бастапқы тапсырма қайтып келгенше жалғасады.

Тексеру барысында оқушылар келесі белгілерді қояды:

«!» – егер есептің жауабымен келіссе, бірақ ескерту бар;

«Ⅴ» – егер жауабымен толық келіссе;

«?» – егер жауабымен мүлде келіспесе.

Осылайша әрбір түрлендіруге үш есептен шешіледі.

Мұғалім іс әрекеті:оқушының жұмысын бақылайды

Оқушы іс әрекеті:есептің шартын талқылайды, шешім қабылдайды, есептің шығарылу жолын жазады

Бағалау: өзара бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Мақсаты: оқушының жаңа тақырып мазмұнын қаншалықты түсінгендігін анықтау, олқылықтарды жою

Мұғалім іс әрекеті: есеп мәтіні жазылған карточкаларды үлестіреді

Оқушы іс әрекеті: өз бетімен орындайды

Бағалау: өзара бағалау (жауабы тақтаға көрсетіледі).

Сабақтың соңы

3 мин

7. Рефлексия. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді

Слайдта Блоб ағашы бейнеленген. Оқушылар стикерлер жапсыру арқылы өзін-өзі бағалайды

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды іс-әрекет барысынды бақылау

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз .

Жеке жұмыс.

Өзін-өзі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Тренинг

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Жарысқа 17 команда қатысты. Алтын, күміс және қола медальдарды командалардың арасында қанша тәсілмен бөліп беруге болады? Ж:

2. 1, 5, 8, 9 цифрларынан құрамында барлық цифрлар болатындай қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады? Ж:4!=24

3.1, 3, 5, 0 цифрларынан құрамында барлық цифрлар болатындай қанша төрттаңбалы сан құрастыруға болады? Ж: 4!-3!

4. «алгоритм» сөзінен әріптердің орнын ауыстыру арқылы дауысты дыбыстар қатар тұрмайтындай қанша сөз құрастыруға болады? Ж: Р86Р3=

5.Сыныпта 20 оқушы бар. Олардың арасынан үш кезекшіні қанша тәсілмен құрастыруға болады? Ж:

6. Шеңберде әртүрлі 8 нүкте белгіленген. Төбелері осы нүктелер болатындай қанша хорда жүргізуге болады? Ж:

7. Бөлімшеде 20 сарбаз және 5 офицер бар. Олардың арасынан күзетке 4 сарбаз бен 2 офицерді қанша жолмен таңдауға болады?

8. 15 пәннің ішінен бір күнде 6 әртүрлі сабақ болатындай және соңғы екеуі денешынықтыру сабағы болатындай сабақ кестесін құрастырудың қанша тәсілі бар?

Шешуі: Соңғы екі сабақ- денешынықтыру болғандықтан, қалған 14 пәннен тек төртеуін таңдау керек. = 14 х13 х12х 11

9. 5 түс арқылы көк және қызыл түстер қатар тұратындай етіп, төрт жолақтан тұратын төрт түрлі түсті жалаушаны қанша тәсілмен құрастыруға болады?

10. Жазылуында тек бір жұп цифр болатындай, цифрлары қайталанбайтын қанша әртүрлі төрттаңбалы сандарды құрастыруға болады?

Ж:

11. Автотұрақта 9 бос орын бар. 4 машинаны осы орындарға қанша тәсілмен орналастыруға болады? Ж:

12.Ешқандай төртеуі арқылы жазықтық өтпейтіндей кеңістікте 12 нүкте берілген. Берілген үш нүктеден өтетіндей қанша жазықтық жүргізуге болады? Ж:

13.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 цифрларынан 6,7,8 цифрларынан басталатындай қанша сегізтаңбалы сан құрастыруға болады? Ж:

14. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларынан бірінші орында 4 цифры, ал 3 және 5 цифрлары қатар тұратындай қанша бестаңбалы сандар құрастыруға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу