Комбинаторика формулаларын қолданып, есептер шығару. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал.
Білімді бекітуге арналған өзіндік жұмыс
Оқу мақсаты 9.3.1.5 қайталанбайтын орналастыру, алмастыру және теру сандарын
есептеу үшін комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептер
шығару;
.
Бағалау критерийі Комбинаториканың ережелері мен формулаларын қолданып,
есептерді шешеді
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. 9 адамнан құрылған топ 2 ұл бала, 3 қыз бала және 4 ересек адамнан тұрады. 4 адамнан тұратын команданы неше тәсілмен таңдауға болады, егер:
а) командада 2 ұлда болу керек,
b) командада кем дегенде 2 қыз бала болу керек.
2. Жартылай финалға 8 команда қатысты. Оның ішінен финалға үшеуі шықты. Командалардың финалға шығуының әртүрлі неше тәсілі бар?
3. «Кітап» сөзінің әріптерінің арасында қанша мынадай алмастырулар болады:
а) «к» әрпінен басталатын;
б) «т» әрпінен басталып, «п» әрпімен аяқталатын?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру