Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары

Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова М.Т.,

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік есептерді шешу (жаңа тақырыпты меңгеру)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.2.2 мәтіндік есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар мәтіндік есептерді теңдеулер құру арқылы шығарып үйренеді.

Бағалау

критерийлері

-айнымалыны енгізеді

-есептін шарты бойынша берілгендер мен байланысын дұрыс анықтайды

-математикалық моделін дұрыс құрады (теңдеу)

-теңдеуді дұрыс шешеді

-есептің шартына сәйкес жауапты дұрыс таңдайды

Тілдік мақсаттар

 

 Бөлім бойынша лексика және терминология

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- математикалық модель;

- шынайы жағдаят;

 Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

- айнымалыны енгіземіз;

- теңдеу құрастырып және оны шешеміз.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады.

Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Жұппен жұмыста оқушылар құрбысына қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылар мәселе есептер шешу барысында геометрияда алған білімдерін қолданады

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті геометриялық программаларды, калькуляторды қолдана білу іскерліктері.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қысқаша көбейту формулалары, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтын басы

2 мин

Амандасу. Фигуралардың пішіні және түсі бойынша топқа бөлу. Сабақтың басында мұғалім оқушыларға әр түсті фигуралар бейнеленген суреттер таратады (Суреттерде шаршы, тіктөртбұрыш, тікбұрышты параллелепипед бейнеленген. Сабақ барысында есептер шығаруда осы суреттерді оқушылар қолданады). Әр топқа үш оқушыдан бірігеді.

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

«Сағат бағыты бойынша достасу» ойынын арқылы жағымды психалогиялық ахуал тудыруға болады (түйсіну байланысы).

Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, әр оқушыға сағат суреті беріледі. Әр оқушы 12.00, 3.00, 6.00, 9.00-де кездесетін адам тандайды. Уақытты атаған кезде оқушылар уақытқа сай кездесетін адамын табады да келесі әрекеттер жасайды:

Сағат 12-де - амандасады,

Сағат 3-те – құшақтасады,

Сағат 6-да – арқа түйістіру

Сағат 9-да-жақсы сөз, тілек айтады (оқушылар бір-бірлеріне).

Слайд 1

Brain gym :

2 мин

What is the value of

2006 ∙ 2008 − 2007 ∙ 2007 ?

Жауабы: -1

Слайд 2

Топтық ойын

«Крестик-нолик»

10 мин

Өткенді еске түсіру мақсатында «Крестик-нолик» ойынын ұйымдастырамын.

Екі топ ойнайды және үшінші топ тексереді.

Сұрақтар:

1) Өрнекті ықшамдаңыз:) Жауабы: (27)

2) Көбейткіштерге жіктеңіз: - 144+121х2 Жауабы: (11x-12) (11x+12)

3) Есептеңіз егер a=-5. x=-2 Жауабы: (4,5)

4) Берілген функцияның анықталу облысын табыңыз:

5) Жауабы: 1

6) Тиімді тәсілмен есептеңіз: 18,6 21,4+1,5

7) Теңдеуді шешіңіз: 4

Жауабы: -1,5 және 1,5

8) Жауабы:

9)Есептеңіз Жауабы: (100)

Ойынды өткізу барысында барлық тапсырмаларды шешу маңызды емес, ойын 4-5 кезеңнен соң аяқталуы мүмкін, бірақ барлық 9-торкөзге сәйкес тапсырма болуы керек.

Слайд -3-4

Қосымша -1

Ой қозғау

2 мин

Проблемалық есеп

Жұппен жұмыс

Ойлаған санды табу

Бір сан ойлаңыз. Санды өзіне көбейтіңіз, нәтежесіне ойлаған санды қосыңыз, шыққан қосындыға бірді қосыңыз, шыққан нәтежеге ойлаған санды қосыңыз. Нәтежесінде шыққан санды маған айтыңыз, мен сіз ойлаған санды табамын.

Сіз ойлаған санды мен қалай таптым?

Түсіндіре аласыздар ма?

Белгісіз санды қалай белгілейсіздер? Не құру керек болды?

Шешуі:

Егер ойлаған санды у деп белгілесек,онда келесі өрнек құрамыз у+у+1+у= , қысқаша көбейту формуласы арқылы шешімі түсінікті болды

Тақырыпқа шығу, сабақтың мақсатын анықтау.

Слайд-5

Слайд-6-7

Тақырыпты ашу

8 мин

Мұғалім оқушыларға төменде берілген есептерді шешуді ұсынады, шешу барысында келесі схеманы нұсқаулық ретінде ұсынады

Мәтіндік есеп шартын мұқият оқыңыз.

Айнымалы енгізіңіз және есептін шарты бойынша берілгендермен байланысын анықтаңыз.

Математикалық моделін құрыңыз (теңдеу).

Теңдеуді шешіңіз.

Есептің шартына сәйкес жауапты таңдаңыз.

Есеп 1

Тіктөртбұрыштың ұзындығы, шаршының қабырғасынан 6 см ұзын, ал ені 6 см қысқа. Қай фигураның ауданы кіші және қаншаға кіші?

Шешуі:

Шаршының қабырғасы , онда аудандарының айырмасын табу керек, онда келесі өрнекті құрамыз

Шаршының ауданы тікбұрыштың ауданынан 6 см2-қа артық.

Слайд -8-9-10

Жаңа тақырыпты бекіту

15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында

«Мозаика» стратегиясын қолданамын

Әр топқа жеке тапсырма беріледі, топ мүшелері

есептерді талдап, шығарады. Есептерді шығарып болған соң,әр топтан бір-бір оқушыдан басқа топтарға барып өз есептерін ұсынады.

1-топ

Есеп-1

Тіктөртбұрыштың периметрі 28 см-ге тең. Егер оның ұзындығын 3 см-ге кішірейтіп, енін 2 см-ге арттырсақ, онда оның ауданы 8 см2 кемиді. Тіктөртбұрыштың ауданы қандай?

Есеп-2

Берілген тіктөртбұрыш қабырғаларына квадраттар салынған. Бір квадраттың ауданы екіншісінің ауданынан 95 артық. Егер тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 5 см артық болса, оның периметрін табыңыз.

2-топ

Есеп -1

Тікбұрышты параллепипедтің табанының ұзындығы енінен 5 см артық және биіктігінен 5 см қысқа. Егер оның толық бетінің ауданы 244 см² болса, параллепипедтің өлшемлерін анықтаңыз.

Есеп-2

Егер квадраттың қабырғасын 4 см-ге арттырса, оның ауданы 32 см2 –қа артады. Квадраттың қабырғасын табыңыз.

3-топ

Есеп-1

Тіктөртбұрыштың ұзындығы квадраттың қабырғасынан 8 см артық, ал ені 8 см кем. Осы фигуралардың қайсысының ауданы артық және қаншаға артық?

Есеп-2

Екі санның көбейтіндісі кішісі мен 12 санының косындысының квадратына тең, ал осы сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сандарды табыңыз.

Бағалау критейлері:

- айнымалыны енгізеді;

- есептін шарты бойынша берілгендер мен байланысын дұрыс анықтайды:

- математикалық моделін дұрыс құрады (теңдеу);

- теңдеуді дұрыс шешеді;

- есептің шартына сәйкес жауапты дұрыс тандайды;

Қосымша -2

Сабақтың соңы

3 минут

  • Осы сабақ бойынша өз пікірлеріңізбен бөлісіңіз.

Осы сабақты жақсарту үшін не істеуге болады?

Қандай тақырыптарға көп көңіл бөлгіңіз келеді?

Үйге тапсырма беру

Тапсырма 1

Тікбұрышты параллепипедтің табанының ұзындығы енінен 8 см артық және биіктігінен 8 см қысқа. Егер оның толық бетінің ауданы 302 см² болса, параллепипедтің өлшемлерін анықтаңыз.

Тапсырма 2

Екі санның көбейтіндісі кішісі мен 14 санының косындысының квадратына тең, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 28-ге кем. Осы сандарды табыңыз.

Тапсырма 3

Берілген фигураның ауданын табыңыз

Слайд 11-12-13

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу