Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
7.3В бөлім: Қысқаша көбейту формулалары | Павлодар қаласындағы «химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова М.Т. | |||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтіндік есептерді шешу (тақырыпты бекіту) | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.5.2.2 мәтін есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығару; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтін есептерді теңдеулер және теңсіздіктер құру арқылы шығара алу | |||||||
Бағалау критерийлері | -айнымалыны енгізеді -есептін шарты бойынша берілгендер мен байланысын дұрыс анықтайды -математикалық моделін дұрыс құрады (теңдеу,теңсіздік) -теңдеуді(теңсіздікті) дұрыс шешеді -есептің шартына сәйкес жауапты дұрыс тандайды | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі; - ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі; Бөлім бойынша лексика және терминология - қысқаша көбейту формулары; - екі өрнектің квадраттарының айырмасы; - екі өрнектің қосындысының квадраты; - екі өрнектің айырмасының квадраты; - екі еселенген көбейтінді; - үш еселенген көбейтінді; - екі өрнектің қосындысының кубы; Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер - екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең; - екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең; - екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең; - екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ; - ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады. Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Жұппен жұмыста оқушылар сыныптастарына қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Қысқаша көбейту формулалардың геометриялық интерпретациясын қарастыру. Brain gym кезеңінде тапсырма ағылшын тілінде берілген, бұл тапсырма арқылы оқушылар ағылшын тіліндегі математикалық терминдерді қайталайды | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану дағдысын дамыту. | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Қысқаша көбейту формулалары, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру. Психологиялық ахуал «Мадақтау сөздер» «Оқушылар шеңбер жасап тұрады да, бір-біріне мадақтау сөздер айтады» | Слайд-1 | ||||||
Brain gym : 3мин | The positive numbers x and y satisfy the equations x4 –y4= 2009 and x2+ y2= 49. What is the value of y ? Есептің шешуін бағалау | Слайд 2-3 | ||||||
| Өткенді еске түсіру мақсатында «Блум кубигі» стратегиясын қолданамын. Қысқаша көбейту формулаларын Қайда қолдануға болады? Where? Берілген сурет бойынша Қандай есеп жазуға болады? Which? Суретті пайдаланып, екі өрнектің қосындысының квадраты формуласының геометриялық мағынасын Қалай түсіндіруге болады? How? Қысқаша көбейту ережелерін вавилондықтар Қашан қолданысқа енгізді ? When? Неге осы формулаларды қысқаша көбейту формулалары деп атайды? Why? Екі өрнектің айырмасының квадраты екі өрнектің толымсыз квадратынан НЕ айырмашылығы бар? What? |
| ||||||
Өткенді қайталау 5мин | ҚКФ тексеру мақсатында графикалық диктант өткіземін. Дұрыс жауап ^ белгісімен белгіленеді, қате жауап _-_ белгісімен белгіленеді
Бір-бірін тексеру Тексеру кілті: _- ^- ^--^ ^ | Қосымша -1 Слайд 12-13 | ||||||
Проблемалық есеп 5мин | Екі натурал сандардың бірі екіншісінен 4-ке кем. Кіші санның квадраты үлкен санның квадратынан үлкен емес. Үлкен санның минималды бола алатын мүмкін мәнін табыңыз. Есептің сұрағына жауап беру үшін не істеу керек? (математикалық моделін құру керек ) Осы есептің математикалық моделі не болады? (Теңсіздік) Тақырыпқа шығу, сабақ мақсатын анықтау. Математикалық моделін құру. х- үлкен сан, х-4- кіші сан деп белгілесек, онда теңсіздігін құрамыз. х | Слайд 14-15 | ||||||
Жұппен жұмыс Есептер шығару 20мин | Есеп1. Екі санның квадраттарының қосындысы, осы екі санның екі еселенген қосындысы мен екі санының айырмасынан кем емес екенін дәлелдеңіз. Дәлелдеуі: Теңсіздігін құрамыз, ҚКФ қолданамыз Есеп 2 1-ден басқа кез келген тақ сан екі санның квадратының айырмасына тең болатындығын дәлелдеңіз. Пифагор есебін қалай шығаруға болады? Дәлелдеуді неден бастау қажет? Шешуі: (n+1)2-n2=(n+1-n)(n+1+n)=2n+1 тақ сан Есеп 3 5-пен аяқталатын кез келген натурал санды 10а+5 түрінде жазуға болады Мысалы 25=10 Дәлелдеуі (10а+5)2=100а2+100а+25=100а(а+1)+25=а(а+1)100+25 Есеп 4 Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 3есе үлкен. Егер оның енін 4метрге ұзартып, ал ұзындығын 5м қысқартсақ, онда тік төртбұрышың ауданы 15м2-ге артады. Тік төртбұрыштың өлшемдерін табыңыздар. Шешуі: енін х-деп,ал ұзындығын 3х-деп белгілейік, онда келесі теңдеуді құрайық (х+4)(3х-5)-3х2=15 х=5м(ені); 3х=15м(ұзындығы) Есеп 5 Тізбектес екі тақ санның квадраттарының айырмасы 8-ге бөлінетінін көрсетіңіздер Шешуі: тізбектес тақ сандарды 2n-1 және 2n+1 түрінде жазайық. (2n+1)2-(2n-1)2=4n2+4n+1-4n2+4n-1=8n Бағалау критерийлері: - айнымалыны дұрыс енгізеді; -есептін шарты бойынша берілгендер мен байланысын дұрыс анықтайды; -математикалық моделін дұрыс құрады (теңдеуді,теңсіздікті); -теңдеуді (теңсіздікті) дұрыс шешеді; -есептің шартына сәйкес жауапты дұрыс таңдайды | Слайд-16-20 Қосымша 2 | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Осы сабақ бойынша өз пікірлеріңіз Осы сабақты жақсарту үшін не істеуге болады? Қандай тақырыптарға көп көңіл бөлгіңіз келеді? Үйге тапсырма беру Есеп 1 Үш таңбалы сан және осы цифрлардан, бірақ кері ретпен орналасқан цифрлардан құралған сандардың айырмасы 99-ға қалдықсыз бөлінетінін дәлелдеңіз. Шешімі:Үш таңбалы санды 100х+10у+z түрінде жазамыз, онда осы санға кері ретпен орналасқан цифрландан құралған санды 100z+10y+x түрінде жазамыз. Осы екі саның айырмасын келесідей жазамыз 100х+10у+z-(100z+10y+x)=99х-99z=99(x-z) Есеп 2 Боялған фигураның ауданың табыңыз | Слайд-21 | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі (Жұппен жұмыс орындаудың алдында қабілеттерін ескере отырып өзім жұпқа бөлемін). | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін-бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар бағалау критерийлері арқылы бағаланады. | Сабақ барысында оқушылармен орындалатын тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?