Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 8.3A: Квадраттық функция | Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы Сабақ 6 | Мәтіндік есептерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Бақылау сабағы, білімді бағалау мен түзету | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.2 y=a(x-m)2, y=ax2+n, y=a(x-m)2+n, a≠0 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу, графигін салу 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу, графигін салу 8.4.1.4 аргумент мәні арқылы функция мәнін және функция мәні арқылы аргумент мәнін анықтау 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану 8.4.3.1 есептің шарты бойынша математикалық моделін құрастыру | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Квадраттық функция тақырыбы бойынша білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейін анықтау | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар нақты есепке байланысты квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын жазбаша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Айнымалы енгіземіз … х пен белгілейік ...х арқылы өрнектейік | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Функционалды сауаттылық – алған білімдерін өзіндік, әлеуметтік, экономикалық мақсаттар үшін қолдана алу. Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, экономика | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 5 мин | Ұйымдастыру бөлімі Сабақ мақсаттарын хабарлау Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасын талқылау. Оқушылар үй тапсырмасын тақтаға орындайды, кейін шығару барысын түсіндіреді. Мұғалім сыныпқа нақтылаушы сұрақтар қояды. | Презентация 1-2 слайдтар Оқушылардың жұмысы | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 13 мин 1 мин 20 мин | Есеп шығару Тапсырмалардың шешімі тақтада талқыланады. Мұғалім оқушылардың ұсынған идеяларын қолдай отырып, оларды есепті талқылауға белсенді араластырады. 1) k параметрінің қандай мәнінде функция графигі а) екі нүктеде х осін қиып өтеді; б) х осін жанайды; в) х осімен ортақ нүктесі болмайды? 2) р параметрінің қандай мәнінде функциясы [3; +∞) аралығында өседі? 3) Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің қосындысы 12 см-ге тең. Үшбұрышың ең үлкен ауданына сәйкес келетін катеттерінің ұзындықтарын табыңыз. Сергіту Жиынтық бағалау жұмысы басталар алдында көңілді сергіту сәті жүргізіледі. Бөлім бойынша жиынтық бағалау Жұмысты орындауға оқушыларға 20 минут уақыт беріледі. Дескрипторлар мен рубрикаторлар оқушыларға жұмыстар тексерілген соң беріледі. | 3-5 слайдтар Қосымша 1 Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений. – М.: Мнемозина, 2008. Қосымша МР4 Қосымша 2 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин 2 мин | Рефлексия Жұмыстың қиындық деңгейін қалай бағалайсыз? Тапсырмалардың барлығын орындай алдыңдар ма? Жұмысты орындау сапасыне не әсер етті? Үй тапсырмасы 1) Келесі тұжырымдар дұрыс па? Жауапты негіздеңіз. а) Егер теңдеуінің екі нақты түбірі болса, онда теңдеуінің де екі нақты түбірі болады. б) Егер теңдеуінің екі оң түбірі болса, онда теңдеуінің де екі оң түбірі болады. 2) Тежелу басталғаннан кейінгі электропоездың қозғалысы заңымен сипатталады, ал жылдамдықтың өзгеру заңы V =16 - 0,2t, мұндағы t – уақыт (с), v - жылдамдық (м/с), S – жүрілген жол (м). Неше секундтан кейін поезд тоқтайды. Оның тежелу жолы қандай? Берілген функциялардың графиктерін тұғызыңыз. | 6 слайд Қосымша 1 | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрауы үшін жұппен жұмыстанады. | Есеп шығару барысында оқушылар бір-бірін бағалайды. Мұғалім сыныпты аралып жүріп, ауызша комментарийлер береді. | Оқушылар сабақ бойына іс-әркет түрлерін өзгертіп отырады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?