алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

y=ax^2, y=ax^3, y=k/x (k≠0) түріндегі функциялар. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

К.С.Даулетов ____________

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

, түріндегі функциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.1.16 түріндегі функциялардың графиктерін салады және олардың -ға қатысты орналасуын болжайды;

7.5.1.17 функциясының графигін салады және оның k-ға қатысты орналасуын болжайды;

7.5.1.15 , түріндегі функциялардың қасиеттерін біледі;

 Сабақ мақсаттары

  • Квадрат,куб,кері функция ұғымымен танысу;
  • , функциясының графигін салуды үйрену және оның қасиеттерін сипаттау;
  • , функциясының графигі мен а коэффициентінің таңбасы арасындағы тәуелділікті анықтау.

Бағалау критерийлері

- графикті салу үшін кестені құрады;

- графикті салады;

- функция графигі мен а коэффициентінің таңбасы арасындағы тәуелділікті анықтайды;

- функцияның дайын графигі бойынша коэффициент мәнін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

– функция графигі;

– сызықтық функция;

– сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;

– парабола, кубтық парабола;

– парабола төбесі;

  • параболаның тармақтары;

– гипербола.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

– парабола тармақтары (жоғары, төмен) бағытталған, өйткені ... ;

– функцияның графигі ... симметриялы;

– егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... .

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • өзі мен өзгелерді сыйлау, түрлі пікірлерді сыйлау;
  • білім ала білу, өз бетінше ақпарат жинақтау, жағдаяттарды талдау, командада жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауапкершілік сезіну;

сыныптастарының қажеттіліктерін, көзқарастарын көру және түсіну, сынды қабылдай білу; топта және жұпта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Геометриялық интерпретациялар

АКТ қолдану дағдылары

Білім алуға АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдануға қажетті қолданушылық дағдылар

Бастапқы білім

Функция және функция графигі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтау.

Сабақтың ортасы

3 минут

2 минут

7 минут

6 минут

5 минут

15 минут

Мұғалім слайд бойынша функциялардың анықтамасымен таныстырады. Оқушыларды 3 топқа бөлінеді.

Топтағы практикалық жұмыс

Оқушылар постерлерге , функцияларының графиктерін салады.

Мұғалім сұрақтар қояды:

- Берілген функциялардың анықталу облыстарын табыңыздар.

- Берілген функциялардың мәндерінің облыстарын табыңыздар.

- Функциялардың х=0 болғандағы мәнін табыңыздар.

- Функцияның өсетін аралығын табыңыздар.

- Функцияның кемитін аралығын табыңыздар.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады.

Мұғалім анимациясы бар таныстырылым бойынша түрлі функциялардың графиктерін көрсетеді:

Мұғалім сұрақтар қояды:

, функцияларының графиктері несімен ерекшеленеді?

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар ережені қорытады.

Бекіту. Жұптық жұмыс.

Оқушыларды негізгі және жоғары деңгейлі қабілеттері бойынша жұптарға бөліңіз.

Формативті бағалау.

Оқушылар жазбаша жұмыс орындайды (негізгі және жоғарғы деңгей бойынша).

Дарытылатын құндылықтар: мақсатқа жетудегі табандылық, еңбексүйгіштік.

Дескрипторлар: Білім алушы

- функция графигінің координаталық ширектердегі орналасуын анықтайды;

- функция графигі бойынша формуласын анықтайды;

- берілген функцияға симметриялы функция графигін табады;

- функцияның аралықтағы ең үлкен және ең кіші мәнін табады

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасы: қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді.

Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда пайдалана алады
  • Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеулерде қолданады

1-тапсырма

АВС=∆А1В1С1 , АВ=5 см, АС =7 см. ∆А1В1С1–ның периметрі 21 см болса, ВС-ныңұзындығын табыңыз.

Дескриптор: Оқушы

  •  тең үшбұрыштардың сәйкес элементтерінің теңдігін біледі;
  •  периметрлерінің теңдігін көрсетеді;
  •  өрнек құрады;
  •  ВС-ның ұзындығын табады.

2-тапсырма

Суреттен өзара тең үшбұрыштарды тауып, теңдігін дәлелдеңіз.

Дескриптор: Оқушы

  •  өзара тең үшбұрыштарды көрсетеді;
  •  үшбұрыштар теңдігінің белгісін қолданып, дәлелдейді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 керемет тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы