алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Көркем шығарма элементтерін салыстыру. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаттары

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу;

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру;

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және түсініп оқи алады;

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;

Кейбір оқушылар: оқиғаның дамуындағы өзгерістерді салыстарады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді мәнерлеп және түсініп оқиды;
  • әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • оқиға барысында болған өзгерістерді салыстырады.

Тірек сөздер

Алтын бесік, шат күлкі, тәкәппарлық, қара бұлт, шат күлкі, сүңуір қайық, шебер суретші, ұзын мойын.

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне, Отанына риясыз қызмет ететін, білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем түрлерінің тыныс белгілерін дұрыс қолданау арқылы қазақ тілімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнебаян

https://www.youtube.com/watch?v=hfjlb1-pYhM

Алдыңғы білімді игеру

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

Ширату тапсырмасы:

Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңінен үзінді тыңдай отырып, жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбына болжау жасалады.

  • «Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді білмей кетсем кеше гөр!»-деп жырлаған кім?

  • Ол туралы не білесің?
  • Сен туған жеріңді қаншалықты құрметтей аласың?
  • Туған жерің туралы мақтанышпен не айтар едің? Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=hfjlb1-pYhM

слайд №1-3

қосымша 1-3

Сабақтың ортасы

8-11 минут

12-25 минут

26-36 минут

1-тапсырма

) «Ашық микрофон» әдісі

Жүсіп Қыдыровтің «Мен табиғат-бесігі» өлеңін оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқу үлгісіне зер салып,бірін-бірі бағалайды.

Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының оқу деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Б «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау.

2-тапсырма

(Ж,Т) «Мағынаны тану» әдісі бойынша өлеңге сүйеніп, өлеңге сәйкес суретпен сәйкестендіреді.

Әр топ «миқатырғыш пазлдар» бөліктерге бөлінген өлең сөздері және өлеңге сәйкес суреттер алады. Бөліктерді жылдам суретпен сәйкес етіп жинайды. Тапсырманы тиімді орындауға үйренеді. Өлең бөліктері мен суреттерді жинап болған соң Абдырахман Асылбектің «Үйрену» өлеңін түсініп оқиды, жинаған пазлдарымен салыстарады.

Саралау: Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі.

Б «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

3-тапсырма

(ОТ; ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Жүсіп Қыдыровтың «Мен – табиғат бөлшегі» мен Абдырахман Асылбектің «Үйрену» оқушылар екі өлеңді оқи отырып, бір тақырып ойластырады және түсіндіреді. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Кестені толтыр

Мен – табиғат бөлшегі

Үйрену

Ортақ тақырып:

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

Б: Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр жұп өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды.

Слайд 4

Слайд №5

Слайд №5

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия «Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

Стикер

Слайд №6

Саралау

1-тапсырмада

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

2-тапсырмада

Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.

3-тапсырмада

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді. Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Түстер» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • өлеңді мәнерлеп және түсініп оқиды;
  • әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • оқиға барысында болған өзгерістерді салыстырады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы