👈 қаріп өлшемі 👉

Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «От пен су» ертегі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Су – тіршілік көзі

 

 Сабақ тақырыбы: 3. 4 Қатені табу және түзету. «От пен су» ертегі

 Оқу мақсаттары:

 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау;

 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді

 Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.

 Кейбір оқушылар:сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, қателереді тауып және түзеткенде өзіндік пікірін дәлелдей алады

 

 Бағалау критерийлері

  •  сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  •  сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  •  орфографиялық, пукнтуциялық қателерді тауып, түзетеді;
  •  қатесіз, сауатты жазады.

 Сабақ барысы

 

І. Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 ) «Ассоциация» жаттығуы

 Сабақтың тақырыбына байланысты «от және су» сөздері жазылады. Барлық оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойлары қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

 Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін анықтауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың білетін білімдерін қодана алуға дағдыландырады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (ЖЖ) «Суреттер сөйлейді» әдісі.

 Суреттегі от пен судың не жөнінде айтып отырғандарын болжа. Оқиғадан кейін не болуы мүмкін?

 1.Оқушылар оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін, сурет бойынша топта ойларын бөліседі.

 2. От пен судың арасындағы диалогты құрастырады.

 3. Топтар құрастырған диалогтары бойынша шағын сахналық қойылым қояды.

 Саралау: Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

 Қ/Б: «Смайликтер». Оқушылар тақырыпқа қатысты алған білімдерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.

 2-тапсырма

 Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) «Үш сөз және сөйлем» әдісі. «От пен су» ертегісі

 Оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап, ертегіні іштей түсініп оқы.

 1. Мұғалім ертегінің басын дауыстап оқып береді. Оқушылар тыңдап отырады. Мұғалім оқыған бөліктегі оқиғаны бірігіп анықтайды.

 2.Оқушылардың ертегіні әрі қарай жалғастырып оқып шығуы үшін уақыт беріледі. Оқи отырып оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап отырады.

 3.Оқиғаның дамуындағы өзгерістер жайлы жинағандарын, ортада талқылап өз пікірлерін ортаға салады.

 4.Мазмұнды түсінгендіктерін тексеруге арналған сұрақтар:

 -Су неден шаршады?

 -Оттың ашуланып не істеді?

 -От пен судың іс әрекеттері дұрыс па?

 5. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін әңгімені қайта шолуды тапсырыңыз.

 Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.

 Қ/Б: «Күншуақ». Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:

 Барлығын түсінсе - күнді

 Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты

Ештеңе түсінбесе – бұлтты

 3-тапсырма

 Тапсырма сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауға беріледі. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың өз пікірлерін білдіре алу дағдылары дамиды.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы арқылы оқушыларға судың отқа айтқаны және оттың ашуланғаны туралы суреттелетін эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау тапсырылады.

 

 Саралау: Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады.

 (ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы оқушылар ынтaлaндыpылады.

 4-тапсырма

 Тапсырма мәтін мағынасына сәйкес келмейтін қателерді табуға беріледі. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың қатесіз жазу дағдылары дамиды.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

(Т,Ұ) Ертегі үзіндісінен мағынасы сәйкес келмейтін қателерді тауып, дәптеріңе түзетіп жаз.

Карточкаға жазылған келесі мәтін оқушыларға таратылады. (Су бар жерде ну бар. Әлі-ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық. Енді қателік жасап алудан  сақтанайық.)

1.Алдымен олар топтарында ойларын бөлісіп, қандай қателер бар екенін анықтайды.

2.Топтарға флипчарт қағаз таратылады. Оқушылар қағазға дұрыс нұсқасын жазады.

3.Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Қ/Б: «Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедім», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «көп қателестім»

ІІІ. Сабақтың соңы

 Рефлексия: «Бір минут» әдісін қоланыңыз.

 Кері байланыс. Бір минут. Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсы тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

[attachment=26205:nsauly-krkem-shyarma-jelementterin-salystyru-1.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы