Көркем шығарма элементтерін салыстыру. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

Оқу мақсаттары:

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу;

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру;

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және түсініп оқи алады;

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;

Кейбір оқушылар: оқиғаның дамуындағы өзгерістерді салыстарады.

Бағалау критерийлері

өлеңді мәнерлеп және түсініп оқиды;

әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;

оқиға барысында болған өзгерістерді салыстырады.

Тірек сөздер Алтын бесік, шат күлкі, тәкәппарлық, қара бұлт, шат күлкі, сүңуір қайық, шебер суретші, ұзын мойын.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы:

Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңінен үзінді тыңдай отырып, жетелеуші сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбына болжау жасалады.

1.«Уа, дариға, алтын бесік туған жер,

Қадіріңді білмей кетсем кеше гөр!»-деп жырлаған кім?

2.Ол туралы не білесің?

3.Сен туған жеріңді қаншалықты құрметтей аласың?

4.Туған жерің туралы мақтанышпен не айтар едің? Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстырылады. Бағалау критерийін бірлесе құрастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=hfjlb1-pYhM

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ө) «Ашық микрофон» әдісі

Жүсіп Қыдыровтің «Мен табиғат-бесігі» өлеңін оқушылар қолдарына микрофон ұстап, мәнерлеп оқып береді. Мәнерлеп оқу үлгісіне зер салып,бірін-бірі бағалайды..

Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының оқу деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Б «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау.

2-тапсырма

(Ж,Т) «Мағынаны тану» әдісі бойынша өлеңге сүйеніп, өлеңге сәйкес суретпен сәйкестендіреді.

Әр топ «миқатырғыш пазлдар» бөліктерге бөлінген өлең сөздері және өлеңге сәйкес суреттер алады. Бөліктерді жылдам суретпен сәйкес етіп жинайды. Тапсырманы тиімді орындауға үйренеді. Өлең бөліктері мен суреттерді жинап болған соң Абдырахман Асылбектің «Үйрену» өлеңін түсініп оқиды, жинаған пазлдарымен салыстарады.

Саралау: Топта тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі.

Б «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

3-тапсырма

(ОТ; ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Жүсіп Қыдыровтың «Мен – табиғат бөлшегі» мен Абдырахман Асылбектің «Үйрену» оқушылар екі өлеңді оқи отырып, бір тақырып ойластырады және түсіндіреді. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Кестені толтыр

Мен – табиғат бөлшегі

Үйрену

Ортақ тақырып:

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

Б: Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр жұп өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды.

ІІІ.Сабақтың соңы

Рефлексия «Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

[attachment=26630:nsauly-2_8-krkem-shyarma-jelementterin-salystyru-kopija-kopija.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу