Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «От пен су» ертегі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША 1
От пен су ертегісі
Бір күні от пен су кездесіп қалды. От судан:
- Қайдан келе жатырсың?-деп сұрады. Су оттың сөзіне ашуланып:
- Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, бір үйді ыстық алауына орап, күл - талқан етті! - деді. От:
- Суеке, оған менің қатысым қанша? - деп еді, су одан бетер айқайлап.
- Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бірақ жалмағың кеп араның ашылады да тұрады! - деді. Сонда от:
- Ай Суеке, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына сап, басып қалғаныңды ұмытасың ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе?-деді қалыспай. Әбден ашуға булыққан су:
- Енді сенің үніңді бір жолата өшірмесем бе, Су атым құрысын, - деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды.»
«Су бір айла жасар–ау» - деп дайын тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпінмен қашқан От алып Орманға тығылды. Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол орман ағаштарын өшіріп болам дегенше бойынан қауқар кетіп әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып Отты шала-пұла сөндірді де есінен тана жығылды. От шала бықсып, жатты да бірте-бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын деді. Ол Оттан:
- Отеке, бір ашуыңды маған бер мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. Орманды өртей көрме, - деп жалынды. Сонда От:
- Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Орманды алауыма орайым деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын жасадым, өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып тұрар еді. Одан да сен еңсеңді көтер, орманды суар, күш аласың, - деді.
Дұрыс айтасың,-деген Су Оттың бетіне қарауға шыдай алмай Орманды жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді естіген еді.
«От досым, мен ағаттық жасадым. Егер сен болмасаң Адамзат қалай жылынар еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың. Мен пақыр күнәмді өтеп, мына жайқалған орманды қайта қалпына келтіремін. Мені кешіріңдер» Су сөзі бара-бара көмескеленіп, мүлдем естілмей кетті.
- Су бар жерде ну бар. Әлі-ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық. Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал, мен дүрілдеп-дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін,-деп сыбырлады. От сөзін жел қағып Суға жеткізді.
Содан бері Су күш –қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам-тарамдарға бөлініп, кетуге тырысып келеді. Ал От күшін Орман ағаштарының өзі алауына ораған, жас өмірін қиып түскен қиындыларына бөліп берді.
ҚОСЫМША 2
ҚОСЫМША 3
ҚОСЫМША 4
ҚОСЫМША 5
ҚОСЫМША 6
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?