Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Алып бала» Қалқаман Әбдіқадыров. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып:3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

«Алып бала» Қалқаман Әбдіқадыров

Оқу мақсаттары

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармаға сәйкес иллюстрациялар, суреттер көрсете алады; мұғалімнің көмегімен эпизодтерді салыстырады; шығарманы сурет түрінде ұсынады;

Көптеген оқушылар: шығармаға сәйкес суреттер ұсына алады; эпизодтерді салыстыра отырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістер туралы айтады; шығарманы сурет түрінде ұсынады.

Кейбір оқушылар: шығармаға сәйкес суреттермен мысалдар келтіре алады; сюжеттің дамуындағы өзгерістерді дәлелдей отырып анықтайды; шығарманы сурет түрінде ұсынып, әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу барысында суреттер/иллюстрациялар қолданады;
  • оқиға барысында болған өзгерістерді анықтайды;
  • ойын сурет арқылы жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтінге сәйкес суреттерді қолданып әңгімелей алады, мәтіндегі эпизодтерді салыстыруда ойын жинақтап толық жеткізе алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Күштілік, балпаңдап басу, өгіз арқалау.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Бала Мұқан неге өгізді көтеріп апармақшы болды?
  • Бала кезіндегі бұл әрекетіне қарап, Қажымұқан қандай адам болған деп ойлайсың?

Құндылықтарды дарыту

Елін- жерін сүюге, халықтың тарихын білуге және оны құрметтеуге тәрбиелеу, өз елінің патриоты болуына ықпал ету

Пәнаралық байланыстар

Мәтіндегі оқиғаның даму барысындағы өзгерістерді анықтап, өзіңе ұнаған бөліктің суретін салғыза отырып, бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан оқушыларға Қажымұқан туралы иллюстрациялар көрсетіледі.

Үй тапсырмасына берілетін дереккөздер: Қажымұқан туралы мультфильм. https://www.youtube.com/watch?v=tLMmFCB0ARg

Бастапқы білім

Шығарманы түсініп оқиды, мазмұнына сәйкес суреттермен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

0-4 минут

Ширату жаттығуы:

) «Ассоциация» жаттығуы

Сабақтың тақырыбына байланысты «күш» сөзі жазылады. Барлық оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: мықты, әлді, күшті, салмақ, т.б. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойлары қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша №1

Слайд №1-3

ақ парақтар, қалам

Сабақтың ортасы

5-9 минут

10-15 минут

16-23 минут

24-29 минут

30-36 минут

1-тапсырма

(Ұ; МК) «Суреттер сөйлейді» әдісі

Оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын мәтінге байланысты сурет беріледі. Ұжыммен сурет бойынша ой жинақтау, болжам жасау, білетіндері және білігісі келетіндері туралы ойларымен бөлісу ұсынылады.

Жеткеші сұрақтар:

  • Суреттегі оқиғаға дейін не болуы мүмкін?

Суреттегі оқиғадан кейін не болуы мүмкін?Оқушыларға тақырыпқа байланысы идея жинақтап, талқылауға дереккөздердер қосымша материалдар ұсынуға болады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы сурет бойынша болжам жасап, ойларымен бөліскендер үш түрлі түспен бағаланады.

2-тапсырма

(МК, Ұ, Ж) «Бірлескен оқылым» әдісімен Қалқаман Әбдікәрімовтың «Алып бала» әңгімесін түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Оқиғаның даму барысындағы өзгерістерді анықтау тапсырылады.

Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін сұрақтар беріліп, бір партадағы жұптарға талдау ұсынылады.

Сұрақтар:

  • Қай оқиға саған ерекше әсер етті? Себебін түсіндір.

Оқушыларға Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы қосымша мәлімет презентация арқылы беріледі.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.

3 – тапсырма

(МК, Ж) «Кейіпкерлер әлемі» ойыны арқылы оқушылар жұптасып мәтіндегі кейіпкерлерді таңдап алып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру ұсынылады. Сұрақтардың мазмұны әңгімедегі кейіпкерлермен, орын алған оқиғалармен байланысты болу мүмкін немесе өзгеше құрастыруы да мүмкін.

1. Кейіпкерлерді таңдау (Кейіпкерді әр оқушы өзі таңдайды)

2. Жұптар бір–біріне сұрақ қояды. (оқиғаға байланысты немесе өзгеше болуы мүмкін)

Үлгі сұрақтар:

  • Өгізді ауылға жеткізудің тағы қандай басқа шешімі бар?
  • Бала Мұқан неге өгізді көтеріп апармақшы болды?
  • Бала кезіндегі бұл әрекетіне қарап, Қажымұқан қандай адам болған деп ойлайсың?

Саралау: диалог және қолдау көресту тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сұрақтар құрастыруға қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

(Б) Мадақтау арқылы мұғалім кері байланыс беріліп, ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. «Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз».

4-тапсырма

, МК, Ө) «Суретшілер шеруі» ойыны арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнындағы оқиғаның даму барысындағы өзгерістерді анықтап, өзіңе ұнаған бөліктің суретін салу тапсырылады.

Оқушыларға мәтіннен өзіне ұнаған бөлігін таңдау ұсынылады. Әр оқушыға жеке А4 парағы таратылады. Өздігінен жеке отырып сурет салуға уақыт беріледі. Бұл тапсырмада сурет салу шеберлігі емес, оқу мақсатына сәйкес мәтінді түсініп, түсінгені бойынша шығармашылық жұмысты сурет түрінде ұсыну маңызды. Оқушылар сурет салып болған соң орындарынан тұрып, (ортаға шығып) суреттер шеруін көрсетеді.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, сурет салуды аяқтаған оқушыларға Қажымұқанды сипаттап айту тапсыруға болады.

(ҚБ) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

5-тапсырма

(Ұ, Ө) Оқушыларға «Алып бала» әңгімесі бойынша эпизотерді салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін кестені толтыру тапсырылады.

Мұқан

Ауыл бақташысы

бақташының мұңы

Мұқанның іс-әрекеті

Кестеге сүйені оқиғаның бөліктері арасындағы өзгерістерді сипаттап айту тапсырылады.

Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау әртүрлі болады деп күтіледі. Өзгерістерді сипаттап айтуға қиналатын оқушыларға ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау

Қосымша №2

Слайд №4

Қосымша №3

Слайд №5-6

Қосымша №4

Слайд №7

Қосымша №5

Слайд №8

Қосымша №6

Слайд №9

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия

(Ұ) «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған ақпараттар қажетті болса, чемоданның тұсына жазу, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазу, сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазу тапсырылады.

Үйге тапсырма.

Дереккөздерден ел ауызында Қажымұқанның ерлік істері туралы басқа да шығармалар қарастырып келу тапсырылады.

Қосымша №7

Слайд №10

https://www.youtube.com/watch?v=tLMmFCB0ARg

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсау лық және қауіпсіз дік техникасы

ның сақталуы

1-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді

3-тапсырма. Диалог және қолдау көресту тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сұрақтар құрастыруға қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма. Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, сурет салуды аяқтаған оқушыларға Қажымұқанды сипаттап айту тапсыруға болады.

5-тапсырма. Қорытынды тәсілі арқылы сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау әртүрлі болады деп күтіледі. Өзгерістерді сипаттап айтуға қиналатын оқушыларға ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

Дескрипторлар: .

  • мәтінді жүйелі мазмұндайды;
  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.
  • мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады;
  • мәтіннің негізінде кейіпкерлердің іс-әрекеттерін анықтайды;
  • оқиға бөліктерінің арасындағы өзгерістерді сипаттайды.

Бағалау әдістері:

«Басбармақ» тәсілі, «Бағдаршам әдісі», «Смайл» әдісі.

Сабақ бойынша рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың жақсы мен жаманды айыра алғаны;

2: Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алғаны.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, әділ бағаласа;

2: Сабақты одан әрі қызықты болу үшін қосымша тапсырмалар орындату керек еді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топта оқушылар топ ережесіне бағынып, бір- бірін әділ бағалауды үйрету.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу