Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Тізбектер» әдісі.

Тізбектегі сөздер үлгісі: қару, батыр, жүйрік ат ...

Қосымша №2

Сұрақтар үлгісі:

  • «Қара байыр қазанат,

Қара жолда қалдырмас.

Қара жолда қалдырып,

Қанатыңды талдырмас...» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Жүйрік ат дегенді қалай түсінесіңдер?

Қосымша №3

«1 минуттағы ой» әдісі.

Нақыл сөздер:

Қара байыр қазанат,

Қара жолда қалдырмас.

Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.

Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді.

Қосымша №4

Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді)

Бұған Қобылан қуанып,

«Шырағым бурыл, шу!»- деді.

Құбылтып бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді.

Тау мен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді,

Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан соң өрледі,

Адырды көзі көремді.

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай иледі.

Қараша емес қауысты,

Қоңыраулатып дауысты,

Жақын қылды алысты.

Берсін кімге намысты.

Күн төбеден аумай – ақ,

Түзеді бурыл шабысты.

Қос құлағы тігілді,

Қайырға біткен қамыстай.

Түс ауған соң бүгілді,

Илеуі жеткен қамыстай.

Байлаулы малдай шешілді,

Төрт аяғы көсілді,

Әбіре сымдай есілді.

Кешегі кеткен қосынға,

Жетемін деген Қобыланның

Жоқ еді тіпті есінде.

Бұлаңдаған Бурылмен

Артық туған Қобыланды

Аңқып жетті бесінде ....

Қобыланды гулеп жөнелді,

Көп қиятқа қарамай,

Қалың қият, көп қосын,

Бәрі қалды артында,

Бірі еруге жарамай.

Сонда бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай илейді...

Қарсы келген қабақтан,

Қарғып басып жөнелді.

Сеңгір – сеңгір таулардан,

Секірте басып жөнелді.

Ол төбе мен бұл төбе,

Бауыры шұбар көл төбе,

Онан да өтіп жөнелді.

Қамыстының қазды көл,

Қоғалының қулы көл,

Жегендінің желді көл,

Шағалалы шалқар көл,

Қызғыштының қызды көл,

Құмыра, қотан қос көлден,

Айналасы бес көлден,

Бәрінен өтіп жөнелді.

«Бумеранг» әдісі.

Үлгі сұрақтар:

  • «Құбылтып бурыл гуледі» дегенді қалай түсінер едіңдер?
  • Тайбурылдың шабысын суреттейтін сөздерді атаңдар.

Қосымша №5

«Түйінді сөздер» әдісі.

1-топ: «Құбылтып бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді.

Тау мен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді»

2-топ: «Сонда бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы»

3-топ: «Қызғыштының қызды көл,

Құмыра, қотан қос көлден,

Айналасы бес көлден,

Бәрінен өтіп жөнелді.»

Қосымша №6

«Кластер» әдісі.

Үлгі сұрақтар:

-Неліктен бұл шығарма батырлар жырына жатады деп ойлайсың?

-Батырлар жырының тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

Дескрипторлар:

  • шығарманың жанрын анықтайды;
  • жырдың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Тайбурыл туралы ойын айтады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

Қосымша №7

«Салыстыру картасы»

теңеу

эпитет

кейіптеу

[attachment=26496:didakt_-material-debi-shyarmany-zhanryn-anytau-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу