Батыр туса-ел ырысы Қобыланды батыр. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Батыр туса-ел ырысы

Қобыланды батыр

Оқу мақсаттары

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді;

Көпшілік оқушылар:кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • Жырдың мазмұныны түсінеді;
  • Жыр мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • Кейіпкерлердің портретін сипаттайды;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді;
  • Жырдан көркем сөздерді табады;
  • Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Тірек сөздер

Қыпшақ, қызылбас, шәр, қарыс, қар, сүйем, құрысты

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөздерді дұрыс қолданады, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыру арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Ежелгі қалалар туралы мәліметтерді еске түсіру арқылы дүниетану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Кейіпкерге баға бере алады, көркем сөздерді қолданады,сұраққа жауап береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Топқа бөлу:Батыр қарулары(найза,қылыш,айбалта,садақ) арқылы топқа бөліну

Ширату тапсырмасы: «Өзгертулерді тап!» әдісі

1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

3.Оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек.

4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды

Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады.

Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін жырдан тауып, бағалаймыз. Жырда кездесетін көркем сөздерді табуып, шығармашылық жұмысымызды сурет түрінде ұсынамыз. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

ҚБ «Смайликтер»

Қосымша 1

Слайд №1-4

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

6-12 минут

13-20 минут

21-26 минут

27-32 минут

33-36минут

Білу

Ел жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғану тыныштықта өмір сүру. Халық шығармаларының көлемді,көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болды.Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды жаттап алып айтушы, таратушы адамды жыршы деп атайды.

Халық

шығарма

сы

Басты

кейіпкер

Не мадақтал

ған?

Көлемі қандай?

Неліктен?

1-тапсырма

(Ж,Т) Түсіну «Қобыланды батыр»жыры

«Стоп кадр» әдісі

Оқушыларға мәтін таратылып беріледі. Стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады.

1) «Қобыланды батыр»жырын оқиды

2) Мәтінді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал беріледі, белгі берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

3) Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

(Ж,ЖЖ) Қолдану «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен іздеп тауып, түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді. Көркем сөздерді табады.

-Жырдағы оқиға қай батырлар жайында құрылған?

-Қобыландының тұлпары қалай аталады?

-Жауға аттанған Қобыланды жырда қалай суреттелген?

-Қобыланды жекпе – жекке кіммен шығады?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Көркем сөздерді табуда оқушыларға қолдау көрсетіледі, топта бірлесіп жұмыс жсайды.

ҚБ «Табыс ағашы» әдісі

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиын-дықтар болды», қызыл – «қателер көп болды».

3-тапсырма

(Ө,Т) Талдау «Суреттер сөйлейді» әдісі

Жырға және сұрақ деректерге сүйеніп суреттегі батырларды сипатта. Сипаттауда жырдағы көркем сөздерді қолдану туралы ескертіледі. Мысалы; қабағы тастай түйіліп, ақсұңқар құстай шүйілді, нар түйедей бақырды,түлкідей көзі жайнайды.

Саралау: Кейіпкерге сипаттама береді

Топта балалар жеке жұмыс жасайды

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

4-тапсырма

) Жинақтау

Жырдың мазмұны бойынша қандай сурет салауға болатыныны оқушылардан сұралады. Оқушылар топта бірлесіп сурет салады. «Галереяға шарлау» әдісі бойынша топтардың жұмысын аралап қарайды, салған сурет бойынша сұрақтарын стикерге жазады. Әр топ өз жұмысын сыныпқа ұсынылады, сұрақтарағ жауап береді.

Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

Барлық оқушылар бағаланады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

Қосымша 3

Оқулық 50-53 беттер

Слайд №6

Қосымша 4

Слайд №7

Қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі

сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

Слайд №8

Қосымша 6

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі..

2-тапсырмада

Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады және

өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді

3-тапсырмада

Кейіпкерге сипаттама береді

Топта балалар жеке жұмыс жасайды

4-тапсырмада

Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

Барлық оқушылар бағаланады.

Бағалау

«Смайликтер» әдісі

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Табыс ағашы» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

Дескриптор

  • Жырдың мазмұнын түсінеді;
  • Жыр мазмұны бойынша сұрақтараға
  • Кейіпкердің мінез

құлқы мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөлікті табады

  • Кейіпкердің көңіл

күйінің өзгеру себебін анықтайды

  • Кейіпкерді сипаттап

мінездеме береді

  • Тапсырманы

орындауда ойын

жүйелі жеткізеді

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу