Қобыланды батыр. 3 сынып


Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы Қобыланды батыр

Оқу мақсаттары

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді;

Көпшілік оқушылар:кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтай алады, шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептеріне баға береді, сөйлеу барысында көркем- бейнелі сөздерді қолданады, шығармашылық жұмысын түрлі формада ұсынады.

Бағалау критерийлері

  • Жырдың мазмұныны түсінеді;
  • Жыр мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • Кейіпкерлердің портретін сипаттайды;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді;
  • Жырдан көркем сөздерді табады;
  • Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Топқа бөлу: Батыр қарулары(найза,қылыш,айбалта,садақ) арқылы топқа бөліну

Ширату тапсырмасы: «Өзгертулерді тап!» әдісі

1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

3.Оқушылар шаштарының жатуын өзгертіп, сыртқы киімін, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек.

4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды.

Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады. Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Жырда кездесетін көркем сөздерді табуып, шығармашылық жұмысымызды сурет түрінде ұсынамыз. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

ҚБ «Смайликтер»

Сабақтың ортасы

Білу

Ел жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғану тыныштықта өмір сүру.Халық шығармаларының көлемді,көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болды.Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды жаттап алып айтушы, таратушы адамды жыршы деп атайды.

Халық

шығарма

сы

Басты

кейіпкер

Не мадақтал

ған?

Көлемі қандай?

Неліктен?

1-тапсырма

Түсіну «Қобыланды батыр»жыры

«Стоп кадр» әдісі

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Мұғалім оқушыларға мәтінді таратып береді. Оқушылар стоп кадр әдісі арқылы мәтінді мұқият оқиды. Кейіпкерлердің іс-әрекетін айтады.

1) «Қобыланды батыр»жырын оқиды

2) Мәтінді оқып отырған кезде белгілі бір сигнал берілген кезде «стоп кадр» деп біреуді түртіп қалғанда тоқтаған жерінде кейіпкердің іс-әрекетін айтады.

3) Мәтін аяқталғанша дейін осылай жалғасады.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

Қолдану «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен іздеп тауып, түсіндіреді. Сұрақтарға жауап береді. Көркем сөздерді табады.

-Жырдағы оқиға қай батырлар жайында құрылған?

-Қобыландының тұлпары қалай аталады?

-Жауға аттанған Қобыланды жырда қалай суреттелген?

-Қобыланды жекпе – жекке кіммен шығады?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Көркем сөздерді табуда оқушыларға қолдау көрсетіледі, топта бірлесіп жұмыс жсайды.

ҚБ «Табыс ағашы» әдісі

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедіңдер», сары – «қиын-дықтар болды», қызыл – «қателер көп болды».

3-тапсырма

Талдау «Суреттер сөйлейді» әдісі

Жырға және сұрақ деректерге сүйеніп суреттегі батырларды сипатта. Сипаттауда жырдағы көркем сөздерді қолдаун туралы ескертіледі. Мысалы; қабағы тастай түйіліп, ақсұңқар құстай шүйілді, нар түйедей бақырды,түлкідей көзі жайнайды.

Саралау: Кейіпкерге сипаттама береді

Топта балалар жеке жұмыс жасайды

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

4-тапсырма

Жинақтау «Ыстық орындық» әдісі

Т) Жинақтау

Жырдың мазмұны бойынша қандай сурет салауға болатыныны оқушылардан сұралады. Оқушылар топта бірлесіп сурет салады. «Галереяға шарлау» әдісі бойынша топтардың жұмысын аралап қарайды, салған сурет бойынша сұрақтарын стикерге жазады. Әр топ өз жұмысын сыныпқа ұсынылады, сұрақтарағ жауап береді.

Саралау: Тапсырма бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

Сабақтың соңы

«Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу