Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:

Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Тайбурылдың шабысы (Қобыланды батыр жырынан үзінді)

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/өлең жолдарды/ нақыл сөздерді/ шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.2.4.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;

Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады,сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;

Кейбір оқушылар:

Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілік құралдарды қолданып, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Ерекшеліктері бойынша шығарманың жанрын анықтайды;
  • Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады;
  • Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
  • Өз ойын жеткізуде мақал- мәтелдерді қолданады

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер

Оқушылар:

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.

Өлең, жыр, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйренеді.

Пәнге қатысты лексикамен терминология:

Тіктеп тиген тұяғы, Төрт аяғы көсілді, Сеңгір – сеңгір таулар, Бауыры шұбар көл төбе.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылығын топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады

Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану – Мәтін мазмұны бойынша батырлардың батылдығы, мықтылығына талдау жасалады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта. Қобыланды батыр мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=NiSMa19OCa8

Бастапқы білім

Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

3 мин

1 мин

Ширату жаттығуы

(Ұ) «Тізбектер» әдісі

Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім Мәдени мұралар тақырыбына байланысты суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді де, оқушыларға суретке қатысты бір сөз айтуын ұсынады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты келесі сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Оқушылардың санына байланысты бір немесе бірнеше айналым жасауға болады.

Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдыларын дамыталады. Ойын кезінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.

(Б). «Смайлик әдісі» бойынша тақырыпқа сай дұрыс жауап берген балаларды бағалауға болады.

Бастапқы білімді қайталау.

(Ұ; МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға нақыл сөздің мағынасын ашуға байланысты және денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы сұрақтар қойылады. Оқушылардың тез жауап берулері қадағаланады. Оңай сұрақтардан бастап қиындатуға болады.

Үлгі сұрақ:

-«Қара байыр қазанат,

Қара жолда қалдырмас.

Қара жолда қалдырып,

Қанатыңды талдырмас...» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Жүйрік ат дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру..

Слайд №3

Қосымша №1

Слайд №4

Қосымша №2

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

2 мин

7 мин

5 мин

1-тапсырма

(ЖЖ) «1 минуттағы ой» әдісі.

Оқушылар интербелсенді тақтадан тапсырманы көргенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастырады және түсіндіреді Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып берулері керек. Үлгі ретінде тақырыпқа байланысты бірнеше нақыл сөздер ұсынылады:

Қара байыр қазанат,

Қара жолда қалдырмас.

Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат.

Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді.

(Мұғалім басқа да нақыл сөздерді ұсына алады)

Қобыланды батыр туралы мультфильм көрсетіледі.

Саралау. Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

(ҚБ). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

2 тапсырма

(Ұ, Т, МК) Оқушыларға Қобыланды батыр жырынан Тайбурылдың шабысы атты шығармасының үзіндісін тізбектеп, мәнерлеп оқу ұсынылады.

«Бумеранг» әдісі.

Әр топ мүшелері оқылған мәтінді түсіну үшін сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қойған бөлімдері болса, мұғалім өзі әр топқа сұрақ қоюына болады.

Үлгі сұрақтар:

  • «Құбылтып бурыл гуледі» дегенді қалай түсінер едіңдер?
  • Тайбурылдың шабысын суреттегенде автордың негізгі идеясы неде деп ойлайсыңдар?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) «Ашық-жабық» әдісі арқылы бағаланады. Оқушылар жауаптары дұрыс болса топтар біріне бірі ашық алақан, дұрыс емес болса жабық алақан көрсетіп отырады.

Сергіту сәті

3-тапсырма

, МК) «Түйінді сөздер» әдісі.

Нұсқау: Мұғалім оқылған мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, автордың идеясы неде екенін басқа топтарға түсіндіреді. Ойларын дәлелдеу үшін мысал келтіреді.

  • топ: «Құбылтып бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді.

Тау мен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді»

  • топ: «Сонда бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы»

  • топ: «Қызғыштының қызды көл,

Құмыра, қотан қос көлден,

Айналасы бес көлден,

Бәрінен өтіп жөнелді.»

Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, оқушылардың тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары қалыптасырылады. Осы тапсырманы орындау кезінде оқушылардың түсініп алу икемділігін, өз пікірін ашық айтуға үйренеді. Ашықтық құндылығын дарытылады.

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір топтарға өлеңнің жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беруді ұсынуға болады.

(ҚБ) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтық бағалау жүргізіледі.

4-тапсырма

(Т; Ұ) «Кластер» әдісі

Өлең мен жырдың жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады.

Әр топ тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Шығармалардың жанрлық ерекшелігін анықтау үшін келесідей сұрақтар үлгісін ұсынуға болады:

-Неліктен бұл шығарма батырлар жырына жатады деп ойлайсың?

-Батырлар жырының тақырыптары не туралы болуы мүмкін?

Оқушыларға батырлар жыры туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Батырлар жыры – елі, жері үшін басқыншы жаумен шайқасқан батырлардың ерлік істерін жырлайтын халық ауыз әдебиетінің (фольклорлық шығарма) бір түрі.

Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

(ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.

Дескрипторлар:

  • шығарманың жанрын анықтайды;
  • жырдың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Тайбурыл туралы ойын айтады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

Слайд №5

Қосымша №3

Қобыланды батыр мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=NiSMa19OCa8

Қосымша №4

Слайд №6

Слайд №7

Қосымша №5

Слайд №8

Қосымша№6

Сабақтың соңы

5 мин

5-тапсырма

(Ұ) «Салыстыру картасы»

Оқушылар жырдан әдеби көркемдегіш құралдарды тауып, «Салыстыру картасына» белгілей отырып оқуға ұсынылады. Әдеби көркемдегіш құралдардың түрлеріне тоқталып, қайталап шығады.

«Салыстыру картасына» мәтін мазмұнында кезігетін әдеби көркемдегіш құралдарын тауып жазу ұсынылады.

теңеу

эпитет

кейіптеу

Рефлексия: «Бастағы қалпақ» әдісі

Оқушылар дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

Слайд№9

Қосымша№7

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1- тапсырма. Саралаудың орытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма: Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір топтарға өлеңнің жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беруді ұсынуға болады.

4-тапсырма: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша мәтіндердің жанрын анықтауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескрипторлар:

  • шығарманың жанрын анықтайды;
  • жырдың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Тайбурыл туралы ойын айтады;
  • сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.

Бағалау әдістері

«Смайлик әдісі»

Ауызша мадақтау «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

«Ашық-жабық» әдісі

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

«Бастағы қалпақ» әдісі

Топқа бөлуде парта мен орындықтарды реттеп орналастыру.

Электр жүйесін тексеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26494:mzh-debi-shyarmany-zhanryn-anytau-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу