Бірлік мен Мұңлық. Мәженқызы Райхан. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр Сұлтан қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Бірлік мен Мұңлық Мәженқызы Райхан

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды илюстрациялар көмегімен анықтайды, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолданады;

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады, өз ойын толық білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

шығарманың тақырыбын атай алады, ойларын толық айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Мұңлық, жылу, ағын су, лай су, өсек, өтірік, ... тб.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Мұңлықты ертіп Бірлік нені аралады?

- Мұңлыққа кімдер ілесті?

- Мұңлықтың жолында кімдер кездесті?

-Мейірім ауылының тұрғындарын ата ?

Құндылықтарды дарыту

Бірлесіп жұмыс істеу барысында бір-бірімен ынтымақтастық орнайды. Еңбекті бағалауды, өмір бойы білім алуды насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде, ашық сұрақтарды құрастырып жазуда сөйлемдерді дұрыс құрастырады, сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен, сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдану арқылы жаратылыстанумен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта арқылы ертегі мазмұны бойынша суреттер көрсетіледі.

Бастапқы білім

Шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастыра алады, шығарманың тақырыбы мен идеясын таба алады; өз ойын дәлелдер келтіре отырып жеткізе алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин.

3-6 мин

Сабақ басында:

(Ұ) Ширату жаттығуы.

«Броундық қозғалыс» ойыны

Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәліметтер мен ақпараттар орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.

Бастапқы білімді қайталау.

(Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздер мен суреттерді топтастыра отырып, өз қоржындарына салу тапсырылады. Тақырыпқа байланысты оқушылар деректермен таныстырылады.

Коммуникативтік тәсілдемеге сүйене отырып, тағам түрлері мен нақыл сөздерді топтастыру кезінде оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауларын қадағалай отырып, оқушылардың бойында ынтымақтастық құндылықтары дамытылады.

Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

(ҚБ). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады.

Оқу мақсаты хабарланады

Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың мазмұны бойынша сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдануды үйренеміз.

Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Слайд №3

Қосымша №1

Қосымша №2

Слайд №4

Қоржындар

Қима сөз, сөйлемдер

Сабақтың ортасы

7-12 мин

13-23 мин

24-25 мин

26-34 мин

1-тапсырма

(Ұ; МК) «Бірлік пен Мұңлық» ертегісін мұғалімнің оқығаны бойынша тыңдап, «Сұрақ жауап» әдісімен оқу мақсатына сәйкес шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап беру тапсырылады. Автор туралы қосымша мағлұмат беріледі.

Үлгі сұрақтар:

-Ертегі не туралы деп ойлайсың?

-Мұңлықты ертіп Бірлік нені аралады?

-Мұңлыққа кімдер ілесті?

-Мұңлықтың жолында кімдер кездесті?

-Мейірім ауылының тұрғындарын ата ?

Саралау. Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін

(ҚБ) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау.

2-тапсырма

(Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі.

Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды.

Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:

  • пікір

шығарманың тақырыбын жазады

  • дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

  • мысал

Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді

  • қоры

тынды

негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады

Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

ҚБ: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Сергіту сәті. «Батискаф» ойыны

Екі топқа бөлініп бір-біріне кезекпен сөздер жасырады. Топтың бір оқушысы қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек. Бірнеше сөздер жасырып, екі айналым орындатуға болады.

3-тапсырма

(Ұ; Ө) «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы «Бірлік пен Мұңлық» ертегісін түсініп оқып, ондағы маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындайды, сұрақтарға жауап бере отырып, ақпаратты белгілейді.

Бұл әдісте оқушылар санына қарай бес оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді:

1-оқушы-талқылаушы, ертегіні топ ішінде талқылайды.

2-оқушы-белгілеуші, талқылаудан соң ертегінің тақырыбы не екенін белгілейді.

3-оқушы-байланыстырушы, тақырыпты ертегімен байланыстыра отырып, негізгі ойды анықтайды.

4-оқушы-қорытындылаушы, автордың ойын ертегі деректерінен келтіреді;

5-оқушы-суреттеуші, келтірілген деректерге сүйене отырып, автордың ойын дәлелдейді.

Үлгі сұрақтар:

  • Мұңлық Бірліктің қандай кеңесін тыңдамады?
  • Дауыл Мұңлықты қай ауылға ұшырып әкелді?
  • Бірлік кімдермен дос болды?
  • Мейірім ауылының тұрғындарын ата?
  • Мейірім ауылын суреттеп бер.

Саралау. Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға мәтіннен келтірілген деректерге сүйене отырып қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау.

  • шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;
  • суреттер бойынша өз ойларын айтады;
  • автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

Слайд №5

Слайд №6

Қосымша №4

Қима суреттер,

желім, қағаз,қайшы

Қосымша №5

Слайд №7

Сабақтың соңы

35-40 мин

4-тапсырма

(Т) «Ассоциация» әдісі арқылы жоғарыда қарастырылған ертегі мазмұнына сәйкес оқушылардың анықтаған негізгі ойларын толықтырып, бекіту үшін дереккөздерден, тақырыпқа байланысты маңызды ақпаратты тауып, ақпаратты иллюстрация түрінде беру ұсынылады. Бір парақ бес сызыққа бөлінеді. Әр топ ертегіні бірлесіп оқып, әр сызыққа үш ассоциациялық сөз топтастыру, оның ішінен 8 ассоциациялық сөз іріктеп алу керек. Екі топ өздерінен іріктелген сөздерді біріктіре отырып 4 ассоциациялық сөз таңдап алады. Соңында шығармаға байланысты нақты ассоциативті сөздер іріктеліп алыну керек. Жаттығу барысында оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу, тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары дамиды.

Мысалы: Бірлік, Мұңлық, Мейірім, Дауыл, т.б..

Саралау: саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады. Дереккөздер тәсілі арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер ұсынуға болады.

(ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы топтық бағалау.

Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

Тік көтерсе – ертегідегі негізгі ойды анықтай аламын, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана аламын.

Жанына туссе – негізгі ойды анықтай аламын, иллюстрациялар бойынша ашық сөйлей алмаймын.

Төмен түссе – негізгі ойды анықтай алмадым, иллюстрациялар бойынша еркін сөйлей алмадым.

Үйге тапсырма. Ертегі мазмұны бойынша сурет салып әкелу ұсынылады.

Слайд №8

маркерлер

Слайд №9

Қосымша №6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бастапқы білімді қайталау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады.

1 тапсырма Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін

2 тапсырма. Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

3 тапсырма Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны жылдам оқушыларға мәтіннен келтірілген деректерге сүйене отырып қосымша сурет салғызуға болады. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі.

4 тапсырма Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады. Дереккөздер тәсілі арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер ұсынуға болады.

Дескрипторлар:

  • шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;
  • суреттер бойынша өз ойларын айтады;
  • автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;

Бағалау әдістері :

Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағалаймын

«Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалаймыз.

«Отшашу» әдісі арқылы топтар сызбаның көмегімен әңгімелеу мен сөйлем құрастыруы арқылы бір–бірін бағалайды.

«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

Жапсыру кезінде қауіпсіздік ережелерін айтып кетемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу