алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Бірлік мен Мұңлық. Мәженқызы Райхан. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Броундық қозғалыс» ойыны

Сөздердің үлгісі: тақырып, негізгі ой, мәтін бөлігі, сұрақтар, сөйлем т.б.

Қосымша №2

«Білім қоржыны»

Қосымша №3

«Сұрақ жауап» әдісі

Бірлік мен Мұңлық

Ерте, ерте, ертеде...Бірлік пен Мұңлық көрші болыпты. Бірде көршісімен танысқысы келген Бірлік Мұңлықтың есігін қағады. Еңсесін туғаннан мұң басқан Мұңлық есікті ашады.

Танысып қояйық.

-Менің атым Бірлік болады.

-Мұңлық боламын,-деді төмен қарап көршісі.

Мұңлықты ертіп Бірлік бау-бақша аралайды, көршісінің жанарына зер салып қарамады. Көршілер ұзақты күнге ойынның әр түрін ойнайды екен. Шөлдерін бір бұлақтан су ішіп қандырыпты.

Бірде...

Мұңлыққа Өсек пен Өтірік ілесе кетеді де, екеуінің қызықты ойындарының шырқын бұзады. Бірде Мұңлыққа Өсек пен Өтірікке сенуге болмайтындығын айтады. Бірақ Мұңлық бірліктің айтқанын тыңдамайды. Амалсыздан Бірлік достары Шындық пен Адалдықты шақырады. Сол- ақ екен қол-аяғы қалтырап Шындық пен Адалдықтан қорыққан Өсек пен Өтірік тұра қашады. Осылайша Мұңлық Бірлікке орынсыз өкпелеп кетіп қалады.

Өкпені арқасына арқалаған Мұңлық шаршап- шалдығып келе жатады. Сол сәт алдарынан Дауыл кездеседі. Мұңлықты ұшырған Дауыл ашудың ауылына алып кетеді. Ашудың ауылы саз балшықтың арасы, лай судың жағасына қоныстанған екен. Өсек пен Өтірік, Қайғы мен Мұң, Өкпе мен Реніш те осы ауылдың тұрғындары болып шықты. Бірлік болса көшіп кеткен көршісінің жұртына ұзақ уақыт үнсіз қарап тұрады. Содан кейін Бірлік Шындық пен Адалдықты ертіп, Берекемен достасып, Мейірім ауылына сапар шегеді.

Мейірім ауылы биік-биік таулардың арасына тап-таза ағын судың жағасына қоныстанған екен. Иман мен Қайырым, Береке мен Достық, Қанағат пен Қуаныш, Шындық пен Адалдық та осы Мейірім ауылының тұрғындары екен. Достарын кездестірген Бірлік шаттыққа бөленеді. Мейірім ауылының тұрғындарының жанарларынан жылу, жүздерінен шуақ төгіліп тұрады.Тіпті Мейірім ауылының шуағы жер бетіне төгіліп, адамдарды ерекше нұрға бөлейді екен.

Мәженқызы Райхан

Қосымша №4

«Төрт сөйлем» тәсілі

  • пікір

шығарманың тақырыбын жазады

  • дәлел

Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

  • мысал

Шығармадағы негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлеммен мысал келтіреді

  • қоры

тынды

негізгі ойды білдіріп тұрған шығарманың бөлігі немесе сөйлемнен қорытынды шығарады

Қосымша №5

«Қалыптастырушы бағалау

«Әдеби шеңбер»

Шығарманың маңызды тұстарына байланысты 3 немесе 4 ашық сұрақ дайындаңдар.

Үлгі сұрақтар:

-Мұңлық Бірліктің қандай кеңесін тыңдамады?

-Дауыл Мұңлықты қай ауылға ұшырып әкелді?

-Бірлік кімдермен дос болды?

-Мейірім ауылының тұрғындарын ата?

-Мейірім ауылын уреттеп бер.

Дескрипторлар:

шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады;

суреттер бойынша өз ойларын айтады;

автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды.

Қосымша №6

Рефлексия

«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

Тік көтерсе – мәтіндегі негізгі ойды анықтай аламын, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана аламын.

Жанына туссе – негізгі ойды анықтай аламын, иллюстрациялар бойынша ашық сөйлей алмаймын.

Төмен түссе – негізгі ойды анықтай алмадым, иллюстрациялар бойынша еркін сөйлей алмадым.

[attachment=26422:didakt_material-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы