алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Құрманғазы атаға». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: «Өнер»

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

«Құрманғазы атаға» Б.С. Қошым-Ноғай

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.

Көптеген оқушылар: өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді табады;
  • өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді;
  • шығарма кейіпкеріне арнап өлең жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Бөлім тақырыбы мен мәтінге байланысты өз ойын айта алады. Көркем-бейнелі сөздерді қолданып жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: бұғауын бұзу, қуғын-сүргін, қаһарын шашу

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1.Өлеңде «қуғын-сүргін көрген», «халқының мұңын жырлаған» дегенді қалай түсінесің?

2. Құрманғазының күйлерін тыңдап көрдің бе?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар тапсырмаларды топта және жұпта орындау барысында бір-біріне құрмет көрсетеді.

Өзара ынтымақтастықта болады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем бейнелі сөздеді қолданып өлең құрастыруда сөздерді байланыстырып, қатесіз жазуда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=cCj6xE_wgcE

Бастапқы білім

Көркем-бейнелі сөздерді біледі, өлең жаза алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату жаттығу. «Бес қадам» стратегиясы арқылы бастапқы білімді бекіту, сабақ мақсатын анықтау. Еденге бес табан ізі қойылады. Оқушылар мүдірмей әр қадамын баса отырып мақалдың және Ұлы ақын Абайдың өлеңдарінің жартысын айтады.

("Өнер алды - қызыл тіл", "Сөз ( тапқанға қолқа жоқ", "Сөз түземегенді түз түземейді", "Жүйелі сөз - киелі", "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы", "Кестенің бізі, өткірдің жүзі, Өрнегін сендей сала алмас"

Тапсырма соңында қорытынды шығарылады. Мұғалім: мақал-мәтелдермен мен өлең жолдары туралы оқушылардан сұрап, қандай сөздар қолданылғанын талдайды.

Сабақ мақсаты: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізу және кейіпкерлерге хат жазу. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Түрлі-түсті қима қағаздан табан ізі

Слайд №1

Қосымша №2

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы

4-12 минут

13-20 минут

21-33 минут

34-36 минут

1-тапсырма

(Ө,Ұ) Байбота Серікбайұлының «Құрманғазы атаға» өлеңін тыңдап, көркем-бейнелі сөздерді тап

  • (МТ) Мұғалім өлеңді 2-3 қайтара оқып береді.
  • (Ұ,Т,ЖЖ) Оқушылар мұғалім оқып отырғанда қолдарындағы түрлі-түсті стикерлерге өлеңнен түсінген көркем-бейнелі сөздерді жазып отырады.
  • Оқушылар өз топтарында көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.
  • Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген сөздердің үшеуін мұғалімге тапсырады.
  • Мұғалім барлық топтардың берген сөздерінен қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.

Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.

(ҚБ): «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

2-тапсырма

(МК, Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт

1.Өлеңнен анықталған үш сөз тақтаға жазылады: бұғауын бұзған, қуғын-сүргін, қаһарын шашқан

2.Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап бер:

  • Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
  • Қалай? Өлеңде осы сөздерді неге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?
  • Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?

3.Мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Саралау: сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі.

(ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады.

3-тапсырма

(Т) Модельдеу әдісі.

«Жандандырып», «күй шырқалды», «шаттық әуен» деген сөздерді қатыстырып, үлгі бойынша өлең құрастыр. Оқушылардың алдына маркер және өлең сөздері жазылған флипчарт беріледі. Флипчартта үлгіні ұсынылады. Бос орынға сөздерді қойып, өлеңді құрастыру тапсыралады.

____ ____ көңілді,

____ ____ өмірді.

Домбырасынан атамның,

____ ____ төгілді.

Құрастырған өлең нұсқасы.

Күй шырқалды көңілді,

Жандандырып өмірді.

Домбырасынан атамның,

Шаттық әуен төгілді.

2. Құрастырған өлеңдерін басқа топтарға береді, топтар өлең сөздерін дұры немес қате қойғандарын тексерді. «Таңба» қояды.

Саралау: «Ресурс» тәсілі арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.

(ҚБ): «Таңба қою» «Өте жақсы»- тапсырманы жоғары деңгейде орындағанда қойылады, «Жақсы» - жақсы орындағанда қойылады, «Талпын» - орташа деңгейде орындағанда қойылады түрлі түсті таңбасымен бағалау.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Мәтінді мұқият тыңда.

2.Мәтіндегі көркем сөздерді теріп жаз.

3.Көркем сөздерді қолдана отырып, Құрмаңғазының қандай адам болағанын сипаттап айт.

(ҚБ) Дескриптор арқылы бағалау

- мәтіндегі көркем сөздерді анықтайды;

- сипаттауда көркем сөздерді қолданады.

А4, түрлі-түсті қарындаш,

қалам,

түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 4

Қосымша № 1, 2

Слайд № 5

Кесте, маркер

Слайд № 6

Қосымша № 3

Слайд № 7

Қосымша № 4

Қосымша № 5

Слайд № 8

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті. Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.

1- Баспалдағы МЕН .....БІЛЕМІН

2- Баспалдағы МЕН .....ТҮСІНЕМІН

3-Баспалдағы МЕН ......ҚОЛДАНАМЫН

Слайд № 9

Қосымша № 6

Сатының суреті, стикер

Саралау:1-тапсырма. «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.

2-тапсырмада сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» көмек көрсетіледі.

3-тапсырмада «Ресурс» арқылы оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.

Дескриптор:

1.Өлеңді тыңдайды.

2.Өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді анықтап, тізімін құрастырады.

3. Өз ойы мен сезімі бойынша өлең мазмұнын қысқартып айтады.

4.Сұрақтарға жауап береді.

5. Өлең құрастырады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дәрісханада жұмыс ережелерін сақтау. Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы