👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың мазмұнын түсіну. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиетттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып:

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді, өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді

Көптеген оқушылар: сұрақтарға жауап беруде өз ойларын қосып, жауаптарын нақтылай алады.

Кейбір оқушылар: өзін немесе достарынның әрекеттерін қоса әңгімелеп, көркем әдеби тілде сұрақтар құрай алады.

Бағалау критерийлері

  • ашық сұрақтар қояды
  • сұрақтарға жауап береді
  • өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмалар орындау барысында жауапкершілікпен қарау, өзара сыйластық, бірін-бірі тыңдау

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Сұрақ құрастыра алады, қателерді табуды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Ширату. «Иә және жоқ» ойыны. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып келесі сөздерді оқиды. Оқушылардың жауаптары бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

«Күн сары бола ма?»

«Шөп жасыл ма?»

«Роза гүлі қызыл ма?»

«Қанатттың ақ екені рас па?»

«Бұлтттың сары түсін көрдің бе?»

-Сұрақтар қандай болды?

-Қалай жауап бердіңдер?

-Қандай жауаптар бердіңдер?

-Бұлар қандай сұрақтар болды? (жабық) (Оқушылар сұрақтардың өздеріне таныс болғандықтан оңай, жеңіл жауап бергендерін айтады.)

-«Күн сары бола ма?» сұрағын ашық сұраққа айналдырыңдар.

Сабақ мақсаты: Біз бүгінгі сабақта шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып, жауап береміз және өз бетінше орфографиялық қателерді тауып, түзетеміз.

4 слайд

1-қосымша

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

7 мин

Оқиық. (Ө,Ұ). «Стоп кадр» әдісін қолдана отырып, Қ.Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін оқу тапсырылады. Өлеңді оқуда «стоп-кадр» сөзі қолданылатыны айтылып, түсіндіріледі. Өлеңді оқып отырған кезде мұғалім оқушыларды бақылау арқылы, бір іс-әрекеттің аяқталған тұсынан кез келген оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатып, не болып жатқанын оқушы айтып, түсінгенін айтады.

Мыс: Жақсы мен жаман

Қайыр күтпе баладан

Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың?

Мұғалім осы тұста бір оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатады, оқушы осы шумақ бойынша не түсінгенін айтып береді.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, өлеңнің кейбір тұстары түсініксіз болды.

Қызыл түс – оқып үлгермедім, өлеңді түсінбедім

Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім

Сұрақ құрастырайық. (Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.

  • Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топтың өздеріне арналған әр түрлі түстегі қағаздар беріледі. ( 1 топ-ақ, 2 топ-сары, 3 топ –жасыл, 4 топ-қызыл).
  • Өлең мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады. (Мыс: Өз мысығын сабаған балаға қанадай ақыл айтасың? Ойнап жүріп жылауға неге болмайды?).
  • Осындай ашық сұрақтар құрастырып, өздерінің түстеріне жазады. Жазған қағаздарын ортадағы себетке салады.
  •  Әр топтан бір оқушы ортадағы қағаздарың біреуін таңдап (өз түстерінен басқа) алады.
  •  Алған сұрақтарына  топпен талқыланған жауап жазылып, кері екінші топқа лақтырады.
  •  Жауап жазылған парақты қағып алған топ, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі.

Сұрақтарға жауап бере алдым, сұрақты қайта құрастыра алдым.

Сұрақтарға жауап бердім, сұрақ құрастыра алмадым.

Сұрақтарға жауап бере алмадым, сұрақ құрастыра алмадым

Жазайық. «Жүгірме диктант» әдісі (ЖЖ).

  • Сынып қабырғасына өлең шумақтары жазылған қағаздар жабыстырылады.

1-шумақ:

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болған да.

Кім мақтанса көбірек,Д

Жасайды мінез жөні жоқ.

2-шумақ:

Адал болса досына,

Азаматың осы да.

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдаймыз мұнысын.

  • Оқушылар жұпқа бөлінед. 1- жұп қабырғадағы өлең шумақтарын оқып, 2-жұбына айтады. 2-жұп сол айтқан шумақтарды жазады. Жазып болған соң, жұптар ауысады.
  • Жазылған шумақттардың «Жақсыға» не «Жаманға» жататынын анықта. Неге олай таңдағаныңды түсіндір.

ҚБ «Шапалақ» әдісі

Үш шапалақ – өлеңнің барлық жолын жаздым

Екі шапалақ – өлеңнің екі жолын жаза алдым

Бір шапалақ – өлеңнің бір жолын жаздым

Тексерейік. Ж.) Жазған өлеңнің қатесін тексер.

  • Оқушылар жазған өлеңдерін жұптарына береді.
  • Жұбының жазған өлеңінің орфографиялық қателерін тексереді.
  • Тексеріп болған соң жұмыстарды жұбына береді.
  • Мұғалім өлең шумақтарын тақтаға шығарады, оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

ҚБ «Қолшатыр» әдісі

Жасыл түс –қате жоқ

Сары түс- 1-2 қате бар

Қызыл түс – 3-4 қате бар

5 слайд

6 слайд

7 слайд

2-қосымша

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

 Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

8 слайд

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

2 тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау». Оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтиже әртүрлі беріледі.

 3 тапсырма - «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

4 тапсырма – Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

Дискриптор

  • Өлеңді оқиды
  • ашық сұрақтар қояды
  • сұрақтарға жауап береді
  • өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді

Сабақ бойынша рефлексия


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы