Шығарманың мазмұнын түсіну. 3 сынып
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Шығарманың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаттары:
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру.
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді.
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын болжау арқылы, өз ойы мен көркем-бейнелі сөздерді түсіне отырып анық жеткізеді.
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийлері
- оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
- шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қояды және жауап береді.
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасы «Суретке ат қой» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:
1. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Мұғалім суреттер қойып бастайды.
2. Оқушылар кезекпен ат қойып жалғастырады.
3. Барлығына ұнаған бір ат таңдалады.
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін суретке ат қою үшін неге қарадыңдар? (Оқиғасына). Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Ендеше, бүгінгі сабағымызда оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береміз.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма. Болжайық.
(Т). «Мәтін не туралы? Терминдер арқылы болжа» деген тапсырма «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы орындалады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
Мұғалім Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» шығармасы бойынша сөздер (шыбық, бала, достары, қар, жел) беріледі.
2.Осы сөздер арқылы шығарманың не туралы екенін болжайды.
3.Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын ашады.
Саралау: қолдауды қажет ететін оқушыларға «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы шығарманың тақырыбын болжағанда сұрақтар арқылы көмек беріледі.
Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
2-тапсырма. Оқиық.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө,Ұ) Оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, түсініп оқу тапсырылады.
Оқушыларға «Шыбық» мәтіні бөліктерге бөлініп таратылады.
1. Бірінші бөлігі оқылады. Оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
2. Екінші бөлігі оқып болған соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
3. Үшінші бөліктен соң топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
4. Төртінші бөліктен соң да топтарында мәтін бөлігін болжап, ұжымда талқылайды.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Барлық оқушы бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болуы
Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
3-тапсырма. Сұра және жауап бер.
(Т,Ұ). «Жаңғақ» әдісі. «Шыбық» мәтінінің маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақ құрастыр және жауап бер.
1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді .
2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).
3. Әрбір оқушы кесілген қағазға шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.
4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты» ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егер, оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.
«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.
5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыны басқалары бағалайды.
Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Қ/Б. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.
«ООО»- тамаша
«МММ» - жақсы
«Сұқ саусақ» -келісемін
«Екі саусақты» -сұрағым бар
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.
Жаз өтіп, күз түсті. Ауа райы бұзыла бастады. Күн салқындап, жиі-жиі жаңбыр жауады. Ағаштың жапырақтары сарғаяды. Қырдағы жайқалған көк майса сары далаға айналды. Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Құстардың соңғы легі жылы жаққа ұшып барады. Жәндіктер де көрінбейді. Астықтар да сап-сары болып пісіп тұр.Адамдар еккен егіндерін жинап алып жатыр. Сондықтан да бұл мезгілді халық «алтын күз» деп атайды.
Мәтінге сүйеніп кестені толтыр және сипаттап айт.
Күз | Күзгі табиғат | Жан -жануарлар | Күзгі еңбек |
Жұптық жұмыс
Мәтін бойынша жұбыңа ашық сұрақтар қой.
Жұптасыңның қойған сұрақтарына жауап бер.
Сабақтың соңы.
Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі:
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?