: Шығарманың мазмұнын түсіну. 3 сынып


 Тарау: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарманың мазмұнын түсіну

 Оқу мақсаттары:

 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді, өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді

 Көптеген оқушылар: сұрақтарға жауап беруде өз ойларын қосып, жауаптарын нақтылай алады.

 Кейбір оқушылар: өзін немесе достарынның әрекеттерін қоса әңгімелеп, көркем әдеби тілде сұрақтар құрай алады.

 Бағалау критерийлері:

  • ашық сұрақтар қояды
  • сұрақтарға жауап береді
  • өз бетінше орфографиялық қателерді тауып және түзетеді

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Иә және жоқ» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

 Мұғалім оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, допты лақтырып келесі сөздерді оқиды. Оқушылардың жауаптары бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

 «Күн сары бола ма?»

 «Шөп жасыл ма?»

 «Роза гүлі қызыл ма?»

 «Қанатттың ақ екені рас па?»

 «Бұлтттың сары түсін көрдің бе?»

 -Сұрақтар қандай болды?

 -Қалай жауап бердіңдер?

 -Қандай жауаптар бердіңдер?

 -Бұлар қандай сұрақтар болды? (жабық) (Оқушылар сұрақтардың өздеріне таныс болғандықтан оңай, жеңіл жауап бергендерін айтады.)

 -«Күн сары бола ма?» сұрағын ашық сұраққа айналдырыңдар.

 Сабақ мақсаты: Біз бүгінгі сабақта шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып, жауап береміз және өз бетінше орфографиялық қателерді тауып, түзетеміз.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Оқиық.

 Ө,Ұ). «Стоп кадр» әдісін қолдана отырып, Қ.Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін оқу тапсырылады

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Өлеңді оқуда «стоп-кадр» сөзі қолданылатыны айтылып, түсіндіріледі. Өлеңді оқып отырған кезде мұғалім оқушыларды бақылау арқылы, бір іс-әрекеттің аяқталған тұсынан кез келген оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатып, не болып жатқанын оқушы айтып, түсінгенін айтады.

 Мыс: Жақсы мен жаман

 Қайыр күтпе баладан

 Өз мысығын сабаған.

 Кім алдаса анасын,

 Оған қалай нанарсың?

 Мұғалім осы тұста бір оқушыны «стоп кадр» деп тоқтатады, оқушы осы шумақ бойынша не түсінгенін айтып береді.

 Саралау: «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Қ/Б: Жасыл түс – барлығын оқып үлгердім, өлеңнің кейбір тұстары түсініксіз болды.

 Қызыл түс – оқып үлгермедім, өлеңді түсінбедім

 Сары түс – барлығын толық оқыдым, түсіндім

 

 2-тапсырма. Сұрақ құрастырайық..

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  (Т) «Сұрақтар жаңбыры» әдісі.

  •  Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топтың өздеріне арналған әр түрлі түстегі қағаздар беріледі. ( 1 топ-ақ, 2 топ-сары, 3 топ –жасыл, 4 топ-қызыл).
  •  Өлең мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады. (Мыс: Өз мысығын сабаған балаға қанадай ақыл айтасың? Ойнап жүріп жылауға неге болмайды?).
  •  Осындай ашық сұрақтар құрастырып, өздерінің түстеріне жазады. Жазған қағаздарын ортадағы себетке салады.
  •  Әр топтан бір оқушы ортадағы қағаздарың біреуін таңдап (өз түстерінен басқа) алады.
  •  Алған сұрақтарына  топпен талқыланған жауап жазылып, кері екінші топқа лақтырады.

 Жауап жазылған парақты қағып алған топ, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтиже әртүрлі беріледі.

 ҚБ «Бас бармақ» әдісі.

 Сұрақтарға жауап бере алдым, сұрақты қайта құрастыра алдым.

 Сұрақтарға жауап бердім, сұрақ құрастыра алмадым.

 Сұрақтарға жауап бере алмадым, сұрақ құрастыра алмадым

 3-тапсырма. Жазайық.

 «Жүгірме диктант» әдісі (ЖЖ).

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

Сынып қабырғасына өлең шумақтары жазылған қағаздар жабыстырылады.

 1-шумақ:

 Добын қимас ойнауға,

 Ұят сараң болған да.

 Кім мақтанса көбірек,Д

 Жасайды мінез жөні жоқ.

 2-шумақ:

 Адал болса досына,

 Азаматың осы да.

 Ойнатса кім інісін,

 Мақұлдаймыз мұнысын.

  •  Оқушылар жұпқа бөлінед. 1- жұп қабырғадағы өлең шумақтарын оқып, 2-жұбына айтады. 2-жұп сол айтқан шумақтарды жазады. Жазып болған соң, жұптар ауысады.
  •  Жазылған шумақттардың «Жақсыға» не «Жаманға» жататынын анықта. Неге олай таңдағаныңды түсіндір.

 Саралау: «Диалог және қолдау» көрсету арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б «Шапалақ» әдісі

 Үш шапалақ – өлеңнің барлық жолын жаздым

 Екі шапалақ – өлеңнің екі жолын жаза алдым

 Бір шапалақ – өлеңнің бір жолын жаздым

 4-тапсырма. Тексерейік..

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (ЖЖ.) Жазған өлеңнің қатесін тексер.

  •  Оқушылар жазған өлеңдерін жұптарына береді.
  •  Жұбының жазған өлеңінің орфографиялық қателерін тексереді.
  •  Тексеріп болған соң жұмыстарды жұбына береді.
  •  Мұғалім өлең шумақтарын тақтаға шығарады, оқушылар өз жұмыстарын тексереді.

 Саралау. «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

 Қ/Б: «Қолшатыр» әдісі

 Жасыл түс –қате жоқ

 Сары түс- 1-2 қате бар

 Қызыл түс – 3-4 қате бар

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

 Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу