Алтын сөз. 3 сынып
Алтын сөз
Несіпбек Айтұлы
Сәулелі сөз сөне ме?!
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім өнеге-
Ақ тілеуі атаның.
Мән беріп ден қойғанда ,
Терең ойға батасың .
Шілдехана , тойларда ,
Береді атам батасын .
Әр сөзінің ақырын,
Жақсылыққа тірейді.
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейді.
Кім сүймейді атасын,Асқар таудай көрінген.Бөбекке айтар батасын,Жаттап алған едім мен.
Жүйрік тілді ақын бол,
Жақсыларға жақын бол.
Достарыңмен тату бол,
Дұшпаныңа қату бол. Әумин!
Ұсақ болма ірі бол,
Өз ортаңның гүлі бол.
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да, әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Ойға тоқы, парқын сез
Атасөзі-алтын сөз!
Бата – жақсы тілек білдіру. Ол –ұлттық дәстүр. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.
1-қосымша
1.Аудиоүнтаспадан бата тыңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=k7wmRZDLeKY
2-қосымша
Бата – жақсы тілек білдіру. Ол –ұлттық дәстүр. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?