Алтын балта (ертегі). Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Еңбекке жастан, өнерге бастанАлтын балта (ертегі) 1-сабақ

Оқу мақсаттары:

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: ертегі мазмұнын түсінеді, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез-құлқына сүйеніп,оқиғаның дамуын болжай алады; бағалауға негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: бағалау сұрақтарын қояды, оған дәлелдер келтіріп жауап бере алады.

Бағалау критерийлері:

  • ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;
  • ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
  • шығарма жанрын ажыратады.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Оқушыларды «Молекула» ойыны арқылы 4 топқа біріктіреміз. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы жұпта өзара ақылдасып. алдарына таратылып берілген мақалдың жалғасын тауып, ортақ тақырып ойластыру әрекеті жүргізіледі. Мақалдың бастапқы бөлігі беріледі, оқушылар жалғастыруы қажет.

Еңбек етсең, ..... .

Еңбегі аздың .... ... .

Еңбек етсең ерінбей, .... ..... ..... .

Еңбектің наны .... .

Еңбек, еңбек бәрін ... .

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

2-тапсырма

Сабақтың тақырыбын анықтауда «Ой шақыру» әдісі арқылы «Балта» сөзі көзіңе нені елестетеді? 5 сөз ата. Балта сөзіне қатысты оқушылр өз ойларын топта ортаға салады, топ алдында талқылайды. Неліктен балта сөзі туралы ой қозғалуы сұралып, қорытынды шығарылады.

Үлгі:

Сайман-Құрылыс-Жұмыс-Темір-Ағаш

Басқа да сөздер алуға болады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау

3-тапсырма

«Бағытталған оқу» әдісімен ертегінің бір бөлігі оқылады, оқиғаның дамуы болжанады. Оқушылар мәтін бөлігін өз болжамдарымен салыстырылады. Мәтін тұтас оқылады. Ертегі бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Сұрақтарды жеке құрастырады. «Қарлы кесек» әдісі арқылы сұрақтар талқыланады. Оқушылардан ең жақсы сұрақ кімдікі екенін сұрауға болады. Шығарманың жанрын анықтап, ерекшелігін айтайды.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

-ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;

-ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;

-ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;

-шығарма жанрын ажыратады.

4-тапсырма

«Әңгіме айтушы орындығы» әдісі арқылы оқушылар жоғарыдағы мақал-мәтелдерден осы ертегінің негізгі ойына сәйкес келетіндерін табады. Ертегіден көңіліңе не түйгенін ортаға салады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

ІІІ. Сабақтың соңы

«Түймедақ» әдісі кері байланысын пайдалануына болады. Әр оқушы гүл күлтелеріне сабақ туралы ойларын жазып, оқиды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу