Алтын балта ертегісі . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алтын балта ертегісі (жалғасы, 2-сағаты)

Оқу мақсаттары

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрын біледі, ертегінің құрылымдық бөліктерін табады.

Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшілкітерін ажырата алады, шығарманы логикалық бөліктерге бөледі, ат қояды.

Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдейді, қорытынды жасайды, шығарма бойынша жоспар құрады.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың жанрын ажыратады;
  • шығарманы құрылымдық бөліктерін ажыратады, ат қояды;
  • шығарма бойынша жоспар құрады;
  • нақыл сөзді анықтайды.

Тірек сөздер

Оқушылар: құрылыс материалдарын атай алады. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Шығарма бойынша жоспар құра алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Диірменші шал, сиқырлы балта, қара балта, көре алмай, берекесі кетіпті.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Күшіңе сен ол сені алдамайды десем келісер ме едің, ойыңды дәлелде.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адам еңбегіне деген құрмет, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Құрылыс материалдарын ажырата алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Мәтінге қатысты мақал-мәтелдер жаза алуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Шығарма бойынша жоспар құра алады. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріді, кейіпкерлеріне баға бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы

Оқушыларды құрылыс материалдары аттарымен өз қалауы бойынша 4 топқа біріктіреміз.

Үлгі:

1-топ: «Балға»

2-топ: «Ара»

3-топ: «Бұрғы»

4-топ: «Қалақ»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Құрылыс материалдары аттары жазылған парақтар суреттері, интербелсенді тақта

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

4-10 минут

11-16 минут

17-30 минут

31-36 минут

1- тапсырма суретпен жұмыс

(МК, ЖЖ) Оқушылар жұптаса отырып «Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша суретке зер салып ертегінің қай бөліміне сәйкес келетінін анықтайды, ойын дәлелдейді.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір жұптарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2-тапсырма

(МК,Ж,ОТ) Кестемен жұмыс «Кубизм» әдісі арқылы кейіпкерді сипаттайды, салыстырады, бағалайды немесе кестеге салуына болады.

Мәтіннен үзінді

Кімнің мінездемесі?

1.Дүниеқоңыз емес,ақпейіл, адал, құлшына еңбек етеді, еңбегімен күнелтеді.

2. Құлқыны тоймаған, көре алмайды, күндейді, берекесі кеткен.

Саралау: Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма

(МК,Т,ОТ) Оқушылар ертегіні толық оқып шығады. Әр топқа мұғалім көмегімен «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша оқылған ертегіні логикалық бөліктерге бөліп, әр топқа өз бөлігі бойынша ат қойып, жоспар құру ұсынылады. Жұмысты қорғау. Шығарма жанрын анықтайды. Нақыл сөз немесе мақал –мәтелді анықтайды.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • шығарманың жанрын ажыратады;
  • шығарманы құрылымдық бөліктерін ажыратады, ат қояды;
  • шығарма бойынша жоспар құрады;
  • нақыл сөзді анықтайды.

4-тапсырма

(МК,Т,ОТ) «Кейіпкерге хат» стратегиясы бойынша шығарма кейіпкеріне хат (оқығаны, көргені бойынша) жазады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

интербелсенді тақта, маркер, оқулық 115-117-бб.

Ертегі мазмұнына сәйкес сурет,

Слайд №4

Плакаттар,

маркер,интербелсенді тақта, оқулық 115-117бб.

Слайд №5

Кесте сызылған плакат,, интербелсенді тақта, маркер.

«Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша топтастыру кезінде диірменші, байдың іс-әрекеттеріне оқушылардың назарын аудару керек.

Сабақтың соңы

37-40

«Тазалық» кері байланыс: бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)

Слайд 6

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1,2,3 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Кейіпкерге хат, Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдістері арқылы тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Суреттер сөйлейді » әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам» , «Смайлик», әдісі

Дескриптор

  • - шығарманың жанрын ажыратады;
  • шығарманы құрылымдық бөліктерін ажыратады, ат қояды;
  • шығарма бойынша жоспар құрады;
  • нақыл сөзді анықтайды.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу