Алтын балта ертегісі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Алтын балта (ертегі, 2- сабақ)

Оқу мақсаттары:

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманың жанрын біледі, ертегінің құрылымдық бөліктерін табады.

Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшілкітерін ажырата алады, шығарманы логикалық бөліктерге бөледі, ат қояды.

Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдейді, қорытынды жасайды, шығарма бойынша жоспар құрады.

Бағалау критерийлері:

  • шығарманың жанрын ажыратады;
  • шығарманы құрылымдық бөліктерін ажыратады, ат қояды;
  • шығарма бойынша жоспар құрады;

нақыл сөзді анықтайды.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды құрылыс материалдары аттарымен өз қалауы бойынша 4 топқа біріктіреміз.

Үлгі:

1-топ: «Балға»

2-топ: «Ара»

3-топ: «Бұрғы»

4-топ: «Қалақ»

Құрылыс материалдарын таңдау өз еркіңізде.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Бағалау критериймен таныстыру немесе оқушылармен бірлесе құрастыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1- тапсырма

Оқушылар жұптаса отырып «Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша суретке зер салып, ертегінің қай бөліміне сәйкес келетінін анықтайды. Оқушылар өз ойын дәлелдейді.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір жұптарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2-тапсырма

Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады. «Кубизм» әдісі арқылы кейіпкерді сипаттайды, салыстырады, бағалайды.

Мәтіннен үзіндіКімнің мінездемесі?

1.Дүниеқоңыз емес, ақпейіл, адал, құлшына еңбек етеді, еңбегімен күнелтеді.

2. Құлқыны тоймаған, көре алмайды, күндейді, берекесі кеткен.

Саралау: Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма

Оқушылар ертегіні толық оқып шығады. Әр топқа мұғалім көмегімен «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы бойынша оқылған ертегіні логикалық бөліктерге бөліп, әр топқа өз бөлігі бойынша ат қойып, жоспар құру ұсынылады. Құрастырға жоспары бойынша ертегінің мазмұнын сұрауға болады. Шығарма жанрын анықтайды. Нақыл сөз немесе мақал –мәтелді анықтайды.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

шығарманың жанрын ажыратады;

шығарманы құрылымдық бөліктерін ажыратады, ат қояды;

шығарма бойынша жоспар құрады;

нақыл сөзді анықтайды.

4-тапсырма

«Кейіпкерге хат» стратегиясы бойынша шығарма кейіпкеріне хат (оқығаны, көргені бойынша) жазады. Хатты оқушылар жеке жазады. Жұпта бір – біріне оқиды, қатесін тексеріп, түзетеді. Сынып оқушыларының алдында қалауы бойынша жазған оқытуға болады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

ІІІ. Сабақтың соңы

«Тазалық» кері байланысы ұйымдастырылады. Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу