Алтын балта (ертегі) . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еңбекке жастан, өнерге бастанАлтын балта (ертегі) 1-сабақ

Оқу мақсаттары

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ертегі мазмұнын түсінеді, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез-құлқына сүйеніп,оқиғаның дамуын болжай алады; бағалауға негізделген сұрақтар қояды.

Кейбір оқушылар: бағалау сұрақтарын қояды, оған дәлелдер келтіріп жауап бере алады.

Бағалау критерийлері

  • ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;
  • ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
  • шығарма жанрын ажыратады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Шығарма жанрын ажырата алады. Ертегіні жүйелей әңгімелейді. Мақалдың жалғасын тауып жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Отын, диірменші, алтын басты балта, қара темір балта, дүниеқоңыз.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер алтын балта қолыма түссе... тілер едім, себебі- ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адам бойындағы қанағатшылдық, еңбекті сүюге, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Мақалды жалғастырып жаза алуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Құрылыс материалдарын тануы, олар жайлы айтып беруі барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Шығарма жанрын ажырта алады, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады, кейіпкердің сі – әрекетін бағалай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы

Оқушыларды «Молекула» ойыны арқылы 4 топқа біріктіреміз.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-16 минут

17-27 минут

28-37 минут

1-тапсырма

(МК, Ж,ОТ) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы жұпта өзара ақылдасып алдарына таратылып берілген мақалдың жалғасын тауып, ортақ тақырып ойластыру әрекеті жүргізіледі.

Еңбек етсең, ..... .

Еңбегі аздың .... ... .

Еңбек етсең ерінбей, .... ..... ..... .

Еңбектің наны .... .

Еңбек, еңбек бәрін ... .

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

2-тапсырма

(МК,Т,ОТ) сабақтың тақырыбын анықтауда «Ой шақыру» әдісі арқылы «Балта» сөзі көзіңе нені елестетеді? 5 сөз ата.

Үлгі:

Сайман-Құрылыс-Жұмыс-Темір-Ағаш

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалау

3-тапсырма

(МК,Т,ОТ) «Бағытталған оқу» әдісімен ертегінің бір бөлігі оқылады, оқиғасын болжайды. Болжамымен салыстырылады. Мәтін тұтас оқылады. Ертегі бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді. Шығарманың жанрын анықтап, ерекшелігін айтады.

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • -ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • -ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;
  • -ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;
  • -шығарма жанрын ажыратады.

4-тапсырма

(ОТ, МК, Ө) «Әңгіме айтушы орындығы» әдісі арқылы оқушылар жоғарыдағы мақал-мәтелдерден осы ертегінің негізгі ойына сәйкес келетіндерін табады. Ертегіден көңіліңе не түйгенін ортаға салады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

Мақал жазылған жазылған

парақтар, интербелсенді тақта,маркер, слайд №4

Балта суреті салынған плакат, оқулық 115-117-беттер, маркер,

слайд № 5

Плакаттар, маркерлер, оқулық, слайд № 6

\

Мұғалім арнайы безендірілген орындық дайындайды. Әңгімешіге (оқушы) өз ойын баяндауы үшін уақыт береді смайликтер, орындық, слайд № 7

Сабақтың соңы

38-40 минут

«Түймедақ» әдісі кері байланысын пайдалануына болады. Әр оқушы гүл күлтелеріне сабақ туралы ойларын жазып, оқиды

Түймедақ гүлі,

Слайд №8

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1,2,3 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Бірге ойлаймыз,Ой шақыру, Шеңбердегі әңгіме» әдістеріне сүйеніп тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Әңгіме айтушы орындығы» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бас бармақ», «От шашу» , «Смайлик», әдісі

Дескриптор

-ертегідегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;

-ертегідегі оқиғаның негізінде сюжеттің соңын болжайды;

-ертегі бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;

-шығарма жанрын ажыратады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу