алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Су – тіршілік көзі. «Ақбас торғай» Ертегі. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Су – тіршілік көзі

Сабақтың тақырыбы: Су – тіршілік көзі. «Ақбас торғай» ертегі.

Оқу мақсаттары:

3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау.

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

Сабақ мақсаттары:

- Шығарманың мазмұнын түсінеді;

- Шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады;

- Құрастырған жоспар бойынша мазмұндайды/ сахналайды;

Бағалау критерийлері:

  • Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойын анықтайды;
  • Мәтінді логикалық бөліктерге бөледі, әр бөлікке ат қояды;
  • Мәтіннің бір бөлігіне таныстырылым жасайды;
  • Кейіпкерге хат жазу арқылы өз ойын білдіреді.

Қажетті ресурстар: Қосымша 1; презентация; оқулық 78-80 беттер.

Мұғалімге арналған ұсыныстар.

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

Бөлімнің қалай аталып тұрғанына назар аударту мақсатында орындалатын тапсырма. Оқушыларға жеке карточкалар таратылады. Бірінші бөлігіне өзінің 3 дәлелін жазады, 2-ші бөлігіне сыныптың ішін аралап басқа оқушылардың ұнаған 3 дәлелін жазады. Неліктен оларды таңдағанын түсіндіреді.

Су – тіршілік көзі, өйткені ...

1

1

2

2

3

3

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралыды. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

«Ақбас торғай» ертегі

(Ө,ЖЖ) Тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға арналған. Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды (кеберсіген тұмсық (кеуіп, құрап қалған) , жапа-тармағай (жан-жақтан), ішқұса (күйзелу, қатты өкіну), дәптерлеріне жазады.

  • Мәтін неліктен ертегіге жатады?
  • Ертегіні тағы басқаша қалай атауға болады?
  • Мына тақырыптардың ішінде қайсысы ең басты тақырып деп ойлайсыңдар? Жұпта талқылаңдар.

Слайдта: «Құстардың тіршілігі», «Құстардың қуанышы», «Су – тіршілік көзі», «Жалқаулық» тақырыптары беріледі. Оқушылар тақырып таңдап, оны жұпта дәлелдейді. Барлық оқушының пікірі құнды екенін ескеріңіз.

(Б) Өз ойын жеткізе білген балаларды «Қошеметтер бұрқасыны» арқылы бағалау.

2- тапсырма

(Ө, ЖЖ) Оқушылар оқулықта берілген суреттерге сәйкес келетін шығарма бөлігін анықтайды, стикермен белгілейді. Әр бөлікке ат қояды, тақырыбын дәптерге жазады. Сол бөліктерге сәйкес шығарманың жоспарын құрастырады.

Үлгі:

  • Құстардың кеңесі
  • Торғайдың қулығы
  • Арық қазу бейнеті
  • Шаттанған құстар

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:

  • Мәтінді логикалық бөліктерге бөлді
  • Әр бөлікке ат қойды
  • Ертегінің жоспарын құрды

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Жоспар құрастыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

3-тапсырма

(Т) Шығармашылық таныстырылым

Оқушыларды санау арқылы 4 топқа бөлу. Әр топ өздері таңдап алған мәтіннің бір бөлігін өз шығармашылықтарына байланысты көрсетуге дайындалады. (мазмұндау, сахналу, ыммен, т.б.) Уақыт шектеулі екенін ескертіп отыру қажет. Жұмыстарының нәтижесін ортаға шығып таныстырады.

Саралау. Оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылықтары бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

4-тапсырма

) «Кейіпкерге хат» әдісі арқылы оқушылар, өз ойларын білдіреді. Тапсырма дәптерде орындалады.

(Б) «Автор орындығы» арқылы бағаланады.

Саралау.Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі

ІІІ. Сабақтың соңы

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабаққа қорытынды жасалады.

«Рефлексиялық үшбұрыш»

Үшбұрыштың бұрыштарына өз ойларын жазады.

  • Мені таңқалдырды ...
  • Сұрағым бар (сұрақ қояды) ...
  • Маған ұнамады (ұсынысым бар)...

[attachment=26265:nsauly_-su-tirshilik-kzi.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы