Н.Айтов «Алтын сөз». 3 сынып


Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы Н.Айтов «Алтын сөз»

Оқу мақсаттары

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады, бата мен тілекті ажырата алады;

Кейбір оқушылар: өлеңді суретпен салыстырады, өз ойын қорытындылап жеткізеді.

Бағалау критерийлері

  • Шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды;
  • Бата мен тілекті ажырата алады;
  • Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді;

Шығарманы сурет нұсқасымен салыстырады

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Топтарға бөлу: Себетпен кәмпит әкелу. Оқушыларға себеттен кәмпит алуларын сұраймын.Кәмпиттің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады

Ширату тапсырмасы: «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Біздің топ бір үлкен отбасымыз.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы мақалдың мағынасын ашады.

Жаңбырменен жер көгерер.

Батаменен ел көгерер

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Сабақтың ортасы

Танысу

Несіпбек Айтов (1950 жылы туған)-белгілі балалар ақыны

1-тапсырма

(Ө;Ж;Т) Өлеңді түсініп оқуға уақыт беріледі.

Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Саралау: Кейбір оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады

ҚБ Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

2-тапсырма

Сұраққа жауап берейік «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Оқушылар өлеңге қатысты сұрақтар құрастырады. Жұптарға бөлініп,сосын топта ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Сұрақтарын басқа топтарға қояды.

Үлгі:

1.Бата не үшін беріледі?

2.Ақынның алтын сөз деп отырғаны не?

3. Батаның қандай қасиеті бар?

ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3- тапсырма Венн диаграммасы арқылы бата мен тілекті салыстыру. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

«Мозайка» әдісі бойынша суретпен жұмыс

(Ө;Т) Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Топ болып сурет қиындыларынан сурет құрастырып, сол суретке қарап мақал немесе бата ойластырады, дәптерлеріне жазады. Топта талқылап, сынып алдында қорғайды. Өлеңмен салыстырады.

Саралау: тапсырма уақыт арқылы сараланады. Кейбір топтың дайындығына қосымша уақыт беріледі.

ҚБ топтар бірін- бірі бағалайды.

5-тапсырма

Қолданайық «Ой бұлты» әдісі

(Т) Тақырыпқа қатысты әрбір топ бата алатындай оқиғалар(жағдаяттар)ойластырады. Оқиғаларын ортаға шығып сахналап көрсетеді.

Саралау: Тапсырма арқылы саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын. Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны; бір тілек - жақсартуға болатыны.

Сабақтың соңы

«Білім ағашы»әдісі

Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жапырақ тәріздес қағаздарға жазып,ағаш суретіне жапсырады.

Жапырақ түстеріне қарай мағына беруге болады.

Сары-түсініксіздеу

Жасыл-түсінікті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу