Жақсы деген немене, жаман деген немене? 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жақсы деген немене, жаман деген немене?

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады;

Көпшілік оқушылар: көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді

Кейбір оқушылар: көркем – бейнелі сөздерді қолдана отырып, өз йын айтады, мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
  • Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Тірек сөздер

Жақсылық жасау,көмектесу. Жақсылық пен жамандық туралы өмірден мысалдар келтіреді.

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Адамгершілік құндылықтарды, ашықтықты, өмір бойы білім алу құндылықтарға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын жүйелі жеткізуде сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс қолдану, сөз мағынасының дұрыс қолданылуы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Шығарманың жанрлық екершелігін біледі, өз ойын еркін жеткізе алады, дереккөздермен жұмыс жасай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5минут

Ширату тапсырмасы

«Мен қандаймын» ойыны.

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.

Ойын барысы: балалар шеңберге тұрып, бір - біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады.

Мысалы: Айгүл, сен әдемі, ақылды қызсың.

Қанат сен тәртіпті, ұқыпты баласың.

Топқа бөлу: «Қимылды көрсет» ойыны

Мұғалімнің нұсқаулығымен оқушылар әр түрлі қимылдарды көрсетеді.

1.«Адамдар» дегенде барлығы жүреді,

2.«Үй» дегенде 2 адамнан үй жасап тұрады,

3.«Тұрғын» дегенде үй ішіне 1адам кіреді.

4.«Қонақ» дегенде 5 адамнан қол ұстасып тұрулары керек.

5.Осы қонаққа жиналған бес оқушы 1 топ болып топтасады.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру,

Доп

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-11 минут

12-20 минут

21-26минут

27-35минут

1-тапсырма

(Т) Білу

«Жақсылық жасау әр адамның қолынан келе ме?» пікірталас өткізу.

Сынып оқушылары екіге бөлінеді. Бірі жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді деген пікірді қолдаса, екінші топ жақсылық жасау әркімнің қолынан келмейді деген пікірді дәлелдер келтіре отырып қорғайды.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

2-тапсырма

Мақал- мәтелдер беріледі, оқушылар өз ойларын айтады. Тақырыбын анықтайды.

Мақал-мәтелдер

Негізгі ой

1.Әдепті бала-арлы бала

2.Ақыл азбайды,

Білім тозбайды

3.Білемін деп мақтанба,Сеннен білгіш табылар

4.Анаңды Меккеге үш рет қайтара арқалап барсаң да,қарызыңнан құтыла алмайсың

5.Өтірік өрге баспайды

білім керек

әдептілік

анаңды сыйлау

мақтаншақтық

өтірік-жаман әдет

Саралау: Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді

ҚБ «Бағдаршам»

Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы

Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы

Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа

3-тапсырма

Талдау

Мақалдардағы негізгі ойды білдіріп тұрған сөздерді кестеге түсір. Кестені толтыр

Жақсы нәрсе

Жаман нәрсе

Саралау:Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау

4-тапсырма

«Мозайка» әдісі

Әрбір топқа сурет қиындыларын тарату. Оқушылар сурет қиындыларынан сурет құрастырып,суретке қарап әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастыру кезінде мақал – мәтелдерді қолдану ескертіледі.

Саралау:Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Слайд №4

Оқулық 40-41 беттер

Слайд №5

Қосымша 1

Слайд №6

Қосымша №2

Слайд №7

Қосымша 3

Сабақтың соңы

36-40 минут

«Шеңбердегі доп» әдісі

Шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп алған оқушы сабақ туралы ойын бір сөйлем айтады.

доп

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыға ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

2-тапсырмада

Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді

3-тапсырмада

Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше жалғастырады

4-тапсырмада

Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бір-бірін бағалау» әдісі

Дескриптор

  • Көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
  • Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі

Желіммен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережелері ескертіледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу