«Ақын деген кім?» Қанат Қайым. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. «Ақын деген кім?» Қанат Қайым

 Оқу мақсаттары:

 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу

 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын біледі, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді табады, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады

 Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, эпитеті табады және өз пікірлерін айтады

 Кейбір оқушылар: өз тақырыбын ұсынады, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.

 Бағалау критерийлері

  •  шығарманың тақырыбын және негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін анықтайды;
  •   мәтіндегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  •  сөйлеу барсында көркемдегіш құралдарды қолданады.

Қажетті ресурстар: сурет, карточка, кубик

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 «Ақын деген кім?» деген сұраққа жауап алу үшін «Үш пікір» әдісін қолданыңыз. Осы сұрақ төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң мұғалім бүгінгі оқылатын мәтіннің қандай болатынын болжап айтуларын сұрайды.

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді анықтап, әдеби көркемдегіш құралдарды табады. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін болжауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың айтылым дағдыларын дамытады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Суретке қарап, оқылатын мәтіннің тақырыбын болжатуға «Суреттер арқылы болжа» әдісін қолдану тиімді.

 1.Оқушыларға сурет көрсетіледі. (Сурет қосымшада). Сурет бойынша жұптар ойларын ортаға салады.

 2.Жұптар бірнеше тақырып ойластырып, тізім құрастырады.

 3.Тізімді топта ортаға салады. Барлық тізімнің ішінен бір тақырып таңдалады.

 Саралау: Қорытынды арқылы саралау қолданылады. Қабілеті төмен оқушылар өз ойларын ортаға салады, қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады.

 Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды тақырып бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 

 2-тапсырма.

 Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей түсініп оқу машығын жетілдіруге негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ұ) (МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен Қанат Қайымның «Ақын деген кім?» әңгімесін оқу ұсынылады.

  •  Оқушылар мәтінді жеке оқиды.
  •  Оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін анықтап, оқып береді.
  •  Мәтін бойынша талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
  •  Әңгімеге басқа қандай тақырып қоюға болады?
  •  Әңгімеде қандай ақын, жыршылардың есімі кездеседі?
  •  Ақын мен жазушының айырмасы неде?
  •  Автор бұл әңгімеде бізге не айтқысы келді?

 3. Сурет бойынша жасалған болжам бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын анықтайды.

 4. Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды.

 Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

 3-тапсырма.

 Тапсырма мәтіндегі көркемдеуінш сөздерді анықтауға беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы ақпараттарды жүйелей алуға дағдыланады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін пайдаланып мәтіндегі көркемдеуінш сөздерді анықтауға тапсырма беріңіз.

 (Ө) (Ойлан) – Мәтіндегі «жүрегі үлкен» деген сөзді тауып, ал.

 (ЖЖ) (Жұптас) – «Жүрегі үлкен» дегенді Әселге әжесі қалай түсіндірді. Мәтінен тауып, жұбыңмен талқыла. (Жүрегі үлкен деп, елін, халқын, отбасын, ата-анасын ерекше жақсы көрген адамды айтамыз)

 Бұл сөзді сен қалай түсіндің? Тағы қаландай мағынасы бар?

 (Т) (Бөліс) – Талдағандары бойынша ортақ топта талқылап, салыстырады.

 Мұғалім эпитет туралы түсіндіреді.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Б. Жұптардың жауаптары тыңдалып, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағаланады.

 4-тапсырма

 Бұл жазымылым тапсырмасы. Мәтінен түсінгенін және өз білетіндерін пайдалынып жаза алуға үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө) «Еркін жазу» әдісі арқылы «Қалай ойлайсың, нағыз ақын деп кімді айтамыз? Нағыз ақынның кім екенін түсіндіріп, өз ойыңды жаз» деген сұраққа жауап жазуды тапсырыңыз.

 1. Уақыт беріледі, оқушыар берілген тақырып бойынша еркін жазады.

 2. Әр оқушы өз ойын ортаға салып, бөліседі.

 3. Барлық оқушының келісуімен ең дұрыс деген ой таңдалып алынады.

 Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

 Б. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Кубик» әдісін қоланыңыз.

 Әр жағына әр түрлі сұрақ жазылған жеңіл кубикті мұғалім оқушыларға лақтырады. Қағып алған оқушы өзіне қарап тұрған жағындағы сұрақ бойынша жауап беріп кері байланыс жасайды.

  • Бүгінгі сабақтан алған 3 қызықты ақпаратты ата.
  • 2 есте сақтайтын нәрсені ата.
  • Сен үшін қиындық тудырған не?
  • Қай тапсырма саған ұнады?
  • Сабаққа байланысты бір сұрақ.
  • Келесі сабақтан не үйренгің келеді?

  (Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

 

[attachment=25937:nsauly-debi-krkemdeushi-raldardyn-oldanysyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу