«Мереке» Қанат Қайым. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


1 - қосымша

Мереке

 Айгүл мереке деген сөзді бұрын да жақсы білетін. Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Республика күні сияқты салтанаттарда адамдардың барлығы көшеге шығады, көңілді жүреді, үйге көп-көп қонақтар келіп, анасы тәтті торт пісіреді. Мереке күндері ең жақын адамдар бір-біріне сыйлықтар тарту етеді.

 Міне, бүгін – сегізінші наурыз. Айгүл таңертең оянғанда төсегінің жанындағы орындықта үлкен қуыршақ отыр екен. Әрине, көкесі әкеліп қойғанын ол бірден білді.

 – Мерекеңмен, қызым. Тезірек жуын да, тамақтанып ал, – деді көкесі Айгүлдің маңдайынан иіскеп. – Сосын анаңа барып қайтайық.

 Анасы ауруханада жатқан болатын. Қазір сонда бармақ. Көктем күні өте жайдары еді. Көше бойлап қыдырыстаған, автобус аялдамасында тұрған адамдардың бәрі шат-шадыман. Қолына жауқазын дестесін ұстап, көкесіне еріп келе жатқан Айгүл ғана жабырқау. Ол бүгін әдеттегідей үйге көп қонақтардың келмейтінін де, тәтті торттың пісірілмейтінін де біліп келеді.

Анасы оларды жарқын жүзбен қарсы алды. Алып келген гүлдеріне рахметін айтып жатыр. Айгүлдің бүгінгі мерекесімен құттықтауды да есінен шығарған жоқ.

 – Ана, – деді Айгүл. – Ана, мереке деген немене?

 – Мереке деген бе? – Апасы қапелімде не деп жауап берерін білмей қалды. – Мереке деген... Бүгін – 8 наурыз, міне мереке. Осы сияқты бүкіл халықтың қуанышты күндерін мереке дейді, жаным.

 – Ал, аналары ауруханада жатып, қуанғысы келмеген балаларға ше?

 Анасы Айгүлдің маңдайынан емірене сүйіп, бауырына басты да:

 – Көп ұзамай мен де үйге барамын, қызым, – деді.

 «Нағыз мереке – анасы үйде болған күндер», – деп ойлады Айгүл.

Қанат Қайым

2- қосымша

3- қосымша

Шығарманың атауы

8 наурыз

мейрамы ақпарат

Кім арналған шығарма

 

 

 

 

 

 

4- қосымша

[attachment=26339:didaktial-materialdar-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу