«Мереке» Қанат Қайым. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

 

 Сабақ тақырыбы: 2.3. Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. «Мереке» Қанат Қайым

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды және мазмұны бойынша әдеби кітаптардан нақты ақпаратты тауып, оны берілген сызба түрінде бере алады

 Көптеген оқушылар: әдеби кітаптардан нақты ақпараттарды тауып, белгілі бір жүйеге салып жинақтай алады

 Кейбір оқушылар: кестеге салған ақпараттар жөнінде қосымша мәліметтер айта алады

 

 Бағалау критерийлері

  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөліктерді анықтайды
  • әдеби кітаптардан нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызбаға салады

 Сабақ барысы

 

 І. Сабақтың басы:

 Сабақ басында ширату тапсырмасында «Кім жылдам» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 «Қандай мерекелерді білесіңдер?» деген тапсырма беріледі.

 1.Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрады.

 2.Оқушылар қандай мерекелер барын айтып жарысады. Кім көп мерекелері атаса сол жеңімпаз атанады.

 3. Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады.

 Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Сабақ мақсаты айтылады: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды және мазмұны бойынша әдеби кітаптардан нақты ақпаратты тауып, оны берілген сызба түрінде бере алады. Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 ІІ. Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

  (МК, Т) «Болжамдар ағашы әдісі

 Оқушыларға сабақта қарастыратын мәтінге қатысты суреттерге мұқият қарап шығу ұсынылады. Бұл сыйлықтар қай мерекеде сыйланатынын болжайды. Сосын мәтін мазмұны, тақырыбы, кейпкерлер туралы ойлары мен болжамдарын жазады. Шығармамен толық таныс болған соң өз ойларының түпнұсқаға (мәтінге) қаншалықты жақын болғанына баға береді.

 Саралау. Диалог жəне қолдау көрсету. Тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет ететін кейбір оқушыларға ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады.

 (Б) Оқушыларды мәтінді оқуға ынталандыру үшін «Смайл» әдісі арқылы топтық бағалау.

 

 2-тапсырма

 Қанат Қайымның «Мереке» мәтіні оқылады.

 (МК, Ұ) «Аялдама» әдісі бойынша оқушыларға «Мереке» мәтінін аялдау арқылы бөліктермен оқу ұсынылады. Оқушылар мәтінді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, алдымен бірінші бөлікті оқытады. Әр аялдамада оқыған бөліктеріне оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар қою арқылы әр топ ақылдасып ойларын ортаға салады.

 Үлгі сұрақтар:

 1-аялдама: Автор мереке күнгі табиғатты қалай суреттеген?

 2-аялдама: Айгүл әкесі сыйлаған қуыршаққа неге қуанбады?

 3-аялдама: Айгүлдің жабырқау көңілі саған қалай әсер етті?

 4-аялдама: Шығарманың негізгі идеясы неде? Автор не айтқысы келді?

 Сұрақтарға жауап алынады.

 Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдама сұрақтарын ауыстыра алады. Әңгімені тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

 Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 (Б) Оқушыларды мәтінді оқып түсінгендері «Басбармақ» әдісі арқылы өзара бағаланады

 3-тапсырма

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т) Әдеби кітаптардан 8 наурыз мерекесі туралы нақты ақпаратты тауып, оны сызбаға түсір.

 1.«8 наурыз» туралы көркем шығармалары бар қосымша журналдар, әдеби кітаптар ұсынылады.

 2.Оқушыларға дереккөзден жинаған материалдары бойынша кестені толтырады. Кестені төмендегіні критерийлерге сәйкес толтырады:

 

Шығарманың атауы

8 наурыз мейрамы ақпарат

Кім арналған шығарма

 

 3. Кестені толтырып болғаннан кейін, оқушылардан сыныптастарымен бөлісуді сұраңыз.

 4. Олар кестенің мазмұнын талқылайды және берілген критерийлер бойынша бағалайды.

 5. Бағалау аяқталғаннан кейін, кестелер іліп, оқушылардың көрмесін ұйымдастырады. Олар кестелерді мұқият қарап, критерийлерге сәйкес келетіндігі туралы өз бағасын береді.

 Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Әңгіме мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

 Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады.

 

 4-тапсырма

  (Т)«Көршіңізге айтыңыз» әдісі. 8-наурыз мейрамында аналарға ең қымбат сыйлық не деп ойлайсыңдар? Ойланып шағын әңгіме жаз.

 1.Оқушылар берілген сұрақ бойынша шағын әңгімені жеке жазады

 2.Жазғанын оқыған мәтінімен байланстыруға бағыт беріледі.

 3.Жазғандарын «Автордың орындығы» әдісі арқылы оқып береді.

 Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

 Б: «Бағдаршам»

 Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

 Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

 Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

 Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті

 

 ІІІ. Сабақтың соңы:

 Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі »

 Оқушылардың тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін анықтау.

 1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

 2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

 3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

 4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 

[attachment=26340:nsauly-shyarmany-tayryby-men-negizgi-ojdy-anytau-3.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу