Жақсы мен жаман. 3 сынып


Жақсы мен жаман

Қайыр күтпе баладан

Өз мысығын сабаған.

Кім алдаса анасын,

Оған қалай нанарсың?

«Екі» болса алғаны-

Бала ұятқа қалғаны.

Ойнап жүріп жыласа,

Орынды емес бұл аса.

Келсе сөзі анайы,

Мақтамас бұл баланы.

Жала жапқан басқаға-

Барып тұрған масқара...

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болған да.

Кім мақтанса көбірек,

Жасайды мінез жөні жоқ.

Ерінсе қол жуғанға,

Нассың дейміз мұндайға.

Мұнша уақыт санарлық

Бар екен ғой жамандық.

Бәрі жақсы баланың.

«Беске» оқиды сабағын.

Айналайық баладан

Көгершінді аяған.

Адал болса досына,

Азаматың осы да.

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдаймыз мұнысын.

Әділ болсаң ойында,

Жақсы мінез оның да.

Күтсе бала әжесін,

Жақсы дейміз дәл осың.

Өскен бала ауылда

Ойнар аттың жалында...

Өзі түйме қадаса,

Мұндай бала тамаша.

Қастек Баянбай

1-қосымша

«Иә және жоқ» ойыны.

  • Күн сары бола ма?
  • Шөп жасыл ма?
  • Роза гүлі қызыл ма?
  • Қанатттың ақ екені рас па?

2-қосымша

Жүгірме диктант

1-шумақ:

Добын қимас ойнауға,

Ұят сараң болған да.

Кім мақтанса көбірек,Д

Жасайды мінез жөні жоқ.

2-шумақ:

Адал болса досына,

Азаматың осы да.

Ойнатса кім інісін,

Мақұлдаймыз мұнысын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу