👈 қаріп өлшемі 👉

Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып бағалайды және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды.

 Көптеген оқушылар: мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады

 Кейбір оқушылар:кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады

 Бағалау критерийлері

  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөліктерді анықтайды
  • кейіпкердің портретін сипаттайды
  • кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Өзгертулерді тап!» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

 2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

 3.Оқушылар шаштарын өзгертіп, сыртқы киімін, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек.

 4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды

 Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып, бағалаймыз.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Анықтайық..

 (ЖЖ, Ө,Т). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы орындалады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Суреттегі құсбегі туралы не айтасың?» деген тапсырма беріледі.

 (Ө) Ойлан. Оқушылар суретке қарап жеке ойланады.

 (ЖЖ) Жұптас. Өз жұбына құсбегі жайлы не ойлайтынын айтады.

 (Т) Бөліс. Жұптар құсбегі жайлы өздерінің бір ойын ортаға салады.

 Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылардың сурет бойынша не ойлайтынын сұраңыз. Ал қабілетті оқушылардың қосымша білетін мәліметтері бойынша тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.

 Қ/Б: Мадақтау. Жарайсыңдар! Тамаша! Сен тамаша ой айттың! т.б.

 

 (МТ). Мұғалім портрет жайлы түіндіреді. Портрет – кейіпкердің сырт көрінісін, кескін –кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.

 2-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» мәтіні оқылады.

  •  (Ө) «Сандықша» әдісі. Мәтіннен кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөліктерді белгілеп отырып, түсініп оқу тапсырылады.
  •  Мәтінді оқу алдында оқушыларға түрлі-түсті стикерлер мен ортаға сандықша (қағаздан жасалған) қойылады.
  •  Мәтінді оқып отырып, керекті бөліктерін стикерге жазып отырады.
  •  Жазған стикерлерін сандықшаға жинайды.

 Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

 3-тапсырма. Жазайық.

 (ЖЖ,Т). (Т, Ұ) «Фишбоун» әдісі. Мәтінге сүйеніп, кейіпкердің портреті мен іс-әрекеттерін анықтап, жазу тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Сандықша ішіндегі стикерге жазылған мәтін бөліктерін пайдаланып, кестені толтыру: Кесте шаблоны ҚМЖ берілген.
  •  Балықтың басына басты кейіпкердің аты жазылады.
  •  Оң жақ қабырға сүйектеріне кейіпкердің түр тұлғасы жазылады.
  •  Сол жақ қабырға сүйектеріне, іс-әрекеті яғни, оқиғалар жазылады.
  •  Құйрығына кейіпкерді бағалап 1 сөз жазылады

 Саралау: Кейіпкердің портретін сипаттауда «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі. Барлық оқушыға бірдей тапсырма берілгенімен, күтілетін нәтиже әртүрлі болады. Нәтижелері арқылы жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Жасыл түс – барлығын жаздым, түсінікті болды. Қызыл түс –екі бағанын жаздым, түсінбеген жерлерім бар. Сары түс – барлығын жазған жоқпын, түсінбедім.

 4-тапсырма. Бағлайық.

 (Т). «Қабырға сұлбасы» әдісі. Ораздың іс-әрекетін анықтап, баға беру тапсырылады.

 Мұғалім әр топқа қағазға сызылған «Қабырға сұлбасы» шаблонын беріледі. Шаблон нұсқасы ҚМЖ берілген.

 Оқушылар:

  •  Сұлбаның ішіне мәтін бойынша Ораздың іс-әрекеті жазады.
  •  Сұлбаның сыртына Ораздың іс-әрекетіне, өздері баға беріп жазады.
  •  Оқушылардың жауабы тыңдалып, талқыланады.

 Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді. Тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

 Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі »

 Оқушылардың тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін анықтау.

 1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

 2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

 3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

 4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы