Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. Ісмер қыз. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | 2.6 Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау Ісмер қыз | ||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбына сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын сипаттайды, баға береді. Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміі негізінде сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай отырып, өзгеру себептерін сипаттайды. Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалай отырып, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын өмірмен байланыстыра дәлелдейді. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтін мазмұны бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады, дизайн, басқа да мода туралы әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Көйлек,жөрмеу машина тетіктері,ернеуі, зерлеу,көрме Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Айжанның іс- әрекетіне ел таңданып қандай баға берді? Сен оған келісесің бе? Айжанға тағы да қандай кеңес берер едің? | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәтін мазмұнына байланысты ұлттық ойындар мен қазақтың мәдени мұраларын құрметеуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез – құлқын сипаттауда, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Бастапқы білім | Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы туралы әңгімелей алады. Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға бере алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-5 мин | Ширату жаттығуы Сабақтың басында ширату жаттығуы (Ж) «Өзгертулерді тап!» әдісі 1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. 2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады. 3.Оқушылар шаштарын өзгертіп, сыртқы киімін, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек. 4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды. Сабақтың тақырыбы ұсынылады. Оқушылар тақырып бойынша өз болжамдарын айтады. Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады. Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып, бағалаймыз. | Слайд №1-4 | |||||
Сабақтың ортасы 6-8 минут 15 минут 16-21 минут 22-29 мин 30-37 мин | 1-тапсырма (Ж,Т) «Стоп кадр» әдісі Оқушыларға өлең таратылып беріледі. «Стоп кадр» әдісі арқылы мұқият оқиды. Кейіпкердің іс-әрекетін айтады. 1) «Ісмер қыз» өлеңін оқиды 2) Өлеңді оқып отырған кезде «Стоп кадр »деген белгі беріледі. Тоқтаған жеріндегі кейіпкердің іс-әрекетін айтады. 3) Мәтін аяқталғанша осылай жалғасады. Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. ҚБ «Смайликтер» 2-тапсырма (Т) «Ашық микрофон» әдісі Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді
-Айжанның еңбегіне қандай баға берілді деп ойлайсың? Сен оған келісесің бе? -Айжанға тағы да қандай кеңес берер едің? Саралау:Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады ҚБ «Қол шапалақтау» Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау 3-тапсырма (МК, Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт 1.Өлеңнен анықталған үш сөз тақтаға жазылады: Ісмер, еңбек, көрме 2.Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап бер:
3.Мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды. Саралау: сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі. (ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады. 4 – тапсырма (МК,Ө)«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі арқылы өлеңнен қорытынды ой айтылған жолды тауып жазады. Ақын ойын анықтайды. Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі. Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім 5-тапсырма (Т,Ө, ЖЖ) «Менің дизайнерім» жобасын жасау 1) Киім тігу үшін қандай заттарды қалайсың? 2) Көйлек тігуге қатысты еңбек түрлерін ата. 3) Дизайнер туралы шағын мәтін құрастыр. Әр топ өз атына сәйкес мәтін құрастырады. Саралау: Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады. Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. Б «Бағдаршам»
|
Слайд №5 Қосымша 1 Слайд №6 Слайд №7 Слайд №8 Слайд №9 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі 1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады. 2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады). 3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады). 4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады). | Слайд№11 Қосымша 3
Стикерлер, жүрек, бас, қол суреттері | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау. Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөліседі. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыланады. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады. Сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі. Барлық оқушылар бір тапсырма орындаса да олардың нәтижесі әртүрлі болады.Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады. | ҚБ «Смайликтер» ҚБ «Қол шапалақтау» (ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! «Бас бармақ» әдісі, «Бағдаршам»
Дескриптор:
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?