Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г.Юрмин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.6. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин | ||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Көптеген оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себебін анықтауда не байқадың? | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәтінді оқыту барысында құрмет құндылығын дарыту; Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру; | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану пәнінен алған білімдерін еске түсіріп, жер асты сулары жайлы не білетіндерімен бөліседі. | ||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=9LJvT-JhXGc табиғаттағы су айналымы бейнематериал | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен таба алады | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату: Оқушыларға тақтадан екі тамшының суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап олардың көңіл-күйлерінің қандай екенін айтады. Өздері олардың көңіл күйлерін көрсетеді.
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?», «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады. Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру. | Слайд № 4 Слайд 2,3 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 06-10 минут 11-21 минут 22 - 30 минут
31-37 минут | 1-тапсырма (Ж) «Айналым» әдісі. Суреттегі айналым туралы не айтуға болады? Тағы не қосуға болады? 1. Оқушыларға тақтада сурет көрсетіледі. 2. Оқушылардың барлығы өз ойларын айтады. Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға қосымша ақпарат көрсетіледі, сол бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылар тапсырма бойынша білетін мәліметтерін айтады. Қ/Б: Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!». 2-тапсырма (Ө) «Белгіле» әдісі. А. Дитрих, Г. Юрмин «Суды бақылаушының күмәні бар» мәтіні. Мәтіннен кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, белгі қойып оқы. 1. (Ө) Шығарма кейіпкері Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, стикермен белгілеп отырып оқиды. 2.(Т) Оқып болған соң жабыстырылған стикерлер (белгілер) бойынша топта Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін талқылайды. Топ мүшелерінің барлығының пікірі тыңдалады. 3. Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап, флипчартқа жазады. 4. Әр топ өздерінің жазғандарын ортаға салып, салыстырады. Себебін түсіндіреді. Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Қ/Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім 3-тапсырма (Т) «Сатылы кесте» әдісі. Алып Арбаушының мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарап, портретін сипатта. 1. Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап жазған флипчартқа сүйеніп, оның портретін анықтайды. 2. Анықтаған сөздерді «Сатылы кестеге» жазады.
3. Топтар жазған сатылы кестені ортаға салып қорғайды. Басқа топтармен салыстырады. Саралау: Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады. Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
4-тапсырма (Ө) Суреттегі көріністі әңгіме мазмұнымен байланыс- тырып сипатта. 1. Мәтін бөліктерін қайта шолып шығады. 2. Табиғаттағы су айналымы бейнематериалды көріп, мәтінмен байланыстырады. https://www.youtube.com/watch?v=9LJvT-JhXGc 3. Жер асты сулары не білесің? Жаратылыстану пәнінен алған біліміңді еске түсіріп, жер асты сулары не білетініңмен бөліс. 4. Тақырыптарын топта ортаға салып, себебін түсіндіреді. Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөлінеді. Қ/Б: «Көк және қызыл шаршы» тәсілі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көк шаршы суырып алған оқушы «Ия, келісемін...», қызыл шаршы суырып алған оқушылар «Жоқ, келіспеймін ...» деп қарсы пікір айтып, өз сөздеріне аргумент келтіріп, ойларын ортаға салады. | Слайд № 5 Қосымша № 3 Слайд № 6 Қосымша № 4 Слайд № 7 Қосымша № 5 Слайд № 8 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Рефлексия: «Ұшақ» әдісі Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша жазбаша кері байланыс беру ұсынылады. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөлісіп, «Болжамдар ағашындағы» мен болжамдардың қаншалықты жақын болғанына мәтіннен аргументтер келтіріп, өзара баға береді.
| Слайд № 9 Қосымша № 6 | |||||||||||||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
1-тапсырма. «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға қосымша ақпарат көрсетіледі, сол бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылар тапсырма бойынша білетін мәліметтерін айтады. 2-тапсырма. Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі. 3-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады.і. 4-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөлінеді. |
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?