Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г.Юрмин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: 2.6. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г. Юрмин
Оқу мақсаттары:
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекет мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды және иллюстрация нұсқасымен салыстыра алады
Көптеген оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады
Бағалау критерийлері
- кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен табады;
- кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалайды;
- шығарма үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстыра алады
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы:
Ширату: Оқушыларға тақтадан екі тамшының суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап олардың көңіл-күйлерінің қандай екенін айтады. Өздері олардың көңіл күйлерін көрсетеді.
Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?», «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады.
Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін болжауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың айтылым дағдыларын дамытады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ж) «Айналым» әдісі.
Суреттегі айналым туралы не айтуға болады? Тағы не қосуға болады?
1. Оқушыларға тақтада сурет көрсетіледі.
2. Оқушылардың барлығы өз ойларын айтады.
Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға қосымша ақпарат көрсетіледі, сол бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушылар тапсырма бойынша білетін мәліметтерін айтады.
Қ/Б: Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».
2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтіннен кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, белгі қойып оқыуға беріледі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө) «Белгіле» әдісі. А. Дитрих, Г. Юрмин «Суды бақылаушының күмәні бар» мәтіні.
Мәтіннен кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, белгі қойып оқы.
1. (Ө) Шығарма кейіпкері Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, стикермен белгілеп отырып оқиды.
2.(Т) Оқып болған соң жабыстырылған стикерлер (белгілер) бойынша топта Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін талқылайды. Топ мүшелерінің барлығының пікірі тыңдалады.
3. Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап, флипчартқа жазады.
4. Әр топ өздерінің жазғандарын ортаға салып, салыстырады. Себебін түсіндіреді.
Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Қ/Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
3-тапсырма
Бұл жазымылым тапсырмасы. Тапсырма мәтін кейіпкерінің іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруге беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы өз ойларын негіздей алуға дағдыланады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Т) «Сатылы кесте» әдісі. Алып Арбаушының мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарап, портретін сипатта.
1.Алып Арбаушының іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап жазған флипчартқа сүйеніп, оның портретін анықтайды.
2. Анықтаған сөздерді «Сатылы кестеге» жазады.
4 сөз | 3 сөз | 2 сөз | 1 сөз |
бұйрық береді | |||
ашуланып айғайға салады | |||
ызыланады | |||
3. Топтар жазған сатылы кестені ортаға салып қорғайды. Басқа топтармен салыстырады.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету. Қолдауды қажет ететін оқушыға сұрақ қоюға немесе сюжеттің дамуына сүйеніп талдауға бағыт беруге болады.
Қ/Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
- Дұрыс, мен келісемін десе, сұқ саусақтарын көрсетеді;
- Басқа көзқарасым бар десе, сұқ саусақтары
- мен ортаңғы саусақтарын қатар көрсетеді;
Толықтырамын, қосатыным бар десе, жұдырықтарын түйеді
4-тапсырма
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө) Суреттегі көріністі әңгіме мазмұнымен байланыс- тырып сипатта.
1.Мәтін бөліктерін қайта шолып шығады.
2.Табиғаттағы су айналымы бейнематериалды көріп, мәтінмен байланыстырады. https://www.youtube.com/watch?v=9LJvT-JhXGc
3. Жер асты сулары не білесің? Жаратылыстану пәнінен алған біліміңді еске түсіріп, жер асты сулары не білетініңмен бөліс.
4. Тақырыптарын топта ортаға салып, себебін түсіндіреді.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөлінеді.
Қ/Б: «Көк және қызыл шаршы» тәсілі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көк шаршы суырып алған оқушы «Ия, келісемін...», қызыл шаршы суырып алған оқушылар «Жоқ, келіспеймін ...» деп қарсы пікір айтып, өз сөздеріне аргумент келтіріп, ойларын ортаға салады.
ІІІ. Сабақтың соңы
Рефлексия: «Ұшақ» әдісі
Оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша жазбаша кері байланыс беру ұсынылады. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөлісіп, «Болжамдар ағашындағы» мен болжамдардың қаншалықты жақын болғанына мәтіннен аргументтер келтіріп, өзара баға береді.
- Маған бүгінгі сабақ ұнады...
- Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...
- Маған бүгінгі сабақта қиын болды...
- Аңыз ..... туралы екен.
Аңыз ағайын арасындағы ............... туралы.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?