Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих, Г.Юрмин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Суды бақылаушының күмәні бар

 

 Ерте заманда қай жерде екені белгісіз әлемдегі су атаулыны бақылап отырушы сиқыршы өмір сүріпті.

 Бір күні бұл Алып Арбаушы Желге бұйрық береді:

 – Жүйрік Жел! Сен әлемді аралап, әлемнің түкпір-түкпірінде бола аласың.

Бұдан былай әр таңда маған соңғы хабарды баяндап тұрасың!

 Жел соңғы хабарды жеткізді:

 – О, Алып Арбаушы! Менің естуімше, соңғы жауған Жаңбыр суының

жарты бөлігі жоғалып кетіпті!

 Ашуланған Алып Арбаушы:

 – Мүмкін емес! Су ешқашан жоғалмайды! Тексеру керек.

 – Қане, айтшы, соңғы жаңбырдың суы қайда кеткен?

 Жаңбыр шебері иіліп:

 – Рұқсат етсеңіз, бізде бәрі жазылған, – деп саусағын шертіп үлкен кітапты көтеріп шығарады.

 – Міне, қараңыз, – дейді ол. – Осыншама жаңбыр жауып, бір бөлігі шалшықтарға, өзендерге, тоғандар мен көлшіктерге айналды. Тағы бір бөлігі өсімдіктердің тамырлары жұтып алды. Ал, қалғандары өзендер арқылы мұхитқа құйылды.

 Алып Арбаушы қанша санаса да судың мөлшері сай келмеді.

 –Жаңбыр көп жауды ғой! – деп, ол ашуланып айғайға салады.

 – Қане, тағы да жақсылап тексеріп көрші!

 Жаңбырдың бас шебері кітапты қайта қарай бастады. Мәліметтің бәрі дұрыс жазылған. Қаншасы өсімдіктерге кеткені, құстар мен жан- уарлар қаншасын ішкені, қалалар мен ауылдарға қанша су кеткені толық жазылыпты. Бірақ расында да судың жартысы қайда кеткені белгісіз.

 Алып арбаушы:

 – Жер астына түсіп кетпеген шығар! – деп ызаланады. Сол кезде аяқ астынан біреудің:

 – Дәл солай, жер астында – деген қарлығыңқы даусы естілді. Қараса, бұл келген кір-қожалақ сиқыршы екен.

 – Мен сіздің суыңыздың қайда кеткенін жақсы білемін. Ол су жер

астында. Жаңбыр тамшылары жерасты әктас үңгірімде бір көлшік болып жиналды. Уақыт келе сіздің жоғалған суыңыз жер бетіне қайнар бұлақ болып

шығады, – дейді ол көргенін айтып.

 А. Дитрих, Г. Юрмин

ҚОСЫМША 2

 

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

ҚОСЫМША 5

4 сөз

3 сөз

2 сөз

1 сөз

бұйрық береді

 

 

 

ашуланып айғайға салады

 

 

 

ызыланады

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 6

  • Маған бүгінгі сабақ ұнады...
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды...
  • Маған бүгінгі сабақта қиын болды...
  • Аңыз ..... туралы екен.
[attachment=26212:didaktikaly-material-kejipkerdi-is-reketin-baalau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу