Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: 2.6. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Мүсінші Мысық» Сапарғали Бегалин
Оқу мақсаттары:
3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекет мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды және мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Көптеген оқушылар: мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады
Бағалау критерийлері
- кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен табады;
- кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін бағалайды;
- мәтінің тақырыбын анықтайды
Қажетті ресурстар: суреттер, қабырға сұлбасы, бас, жүрек, қол суреттері
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
Оқушыларға сурет көрсетіледі. Оқушыларға тақтадан мүсінші шеберханасының суреті көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап ат қояды.
Сабақ мақсаты: Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?», «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады. Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
Бұл мәтін алды тапсырма оқылатын мәтіннің не жайында екенін болжауға беріледі. Сондай-ақ, оқушылардың айтылым дағдыларын дамытады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ж) «Бір сөйлем» әдісі.
1. Оқушыларға тақтада сурет көрсетіледі.
2.«Суреттегі баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқы қандай?» деген сұраққа оқушылардың барлығы бір сөйлем арқылы ойларын айтады.
3.Айтылған сөйлемдердің ішінен ең жақын келетін сөйлем таңдалады. Ол үшін оқушылар жасырын дауыс береді. Дауыс беру үшін алдын- ала таратылған стикерлерді пайдаланды. Стикерге оқушының аты жазылып, сандықшаға салынады. Барлық оқушы жазып салғаннан кейін, мұғалім қорытынды жасайды.
Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға сурет көрсетіледі, сол бойынша не ойлайтыны сұралады. Ал қабілетті оқушыларға қосымша білетін мәліметтері бойынша айтуларына мүмкіндік береіледі.
Б: Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!»
2-тапсырма
Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтіннен кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, белгі қойып оқыуға беріледі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
1. (Ө) Шығарма кейіпкері Мысықтың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін тауып, стикермен белгілеп отырып оқиды.
2.(Т) Оқып болған соң жабыстырылған стикерлер (белгілер) бойынша топта Мысықтың іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін талқылайды. Топ мүшелерінің барлығының пікірі тыңдалады.
3. Мысықтың іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себептерін топпен анықтап, флипчартқа жазады.
4. Әр топ өздерінің жазғандарын ортаға салып, салыстырады. Себебін түсіндіреді.
Саралау: Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
3-тапсырма
Бұл жазымылым тапсырмасы. Тапсырма мәтін кейіпкерінің іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға беруге беріледі. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы өз ойларын негіздей алуға дағдыланады.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
«Қабырға сұлбасы» әдісін пайдаланып мысықтың іс-әрекеті мен мінезінің өзгеру себебін анықтап, соны басшылыққа ала отырып оған баға беруге тапсырма беріңіз.
Топтарға «қабырға сұлбасын» таратыңыз. Сұлбаны толтыру ережесін түсіндіріңіз.
- Сұлбаның ішіне мәтін бойынша Мысықтың іс-әрекеті мен мінезі-құлқын жазады.
- Сұлбаның сыртына Мысықтың іс-әрекеті мен мінезі-құлқына баға беріп жазады.
- Оқушылардың жауабы тыңдалып, талқыланады.
Саралау: Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын анықтауда нәтиже арқылы саралау жүргізіледі.
Б: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.
- Дұрыс, мен келісемін десе, сұқ саусақтарын көрсетеді;
- Басқа көзқарасым бар десе, сұқ саусақтары мен ортаңғы саусақтарын қатар көрсетеді;
- Толықтырамын, қосатыным бар десе, жұдырықтарын түйеді.
4-тапсырма
Бұл тапсырма мәтінді бөлкітерге бөліп, әр бөлікке тақырып қою үшін беріледі.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ө) Мәтіні қайта шолуды тапсырыңыз. Мәіндегі түспен бөлінген бөліктерге тақырып қойып, себебін түсіндіруді сұраңыз.
1. Түстермен белгеленген мәтін бөліктерін қайта шолып шығады.
2. Сол бөліктер бойынша тақырып құрастырады. Тақырыпты стикерге жазып, сол бөлікке жабыстырады.
3. Тақырыптарын топта ортаға салып, себебін түсіндіреді.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөлінеді.
«Көк және қызыл шаршы» тәсілі арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көк шаршы суырып алған оқушы «Ия, келісемін...», қызыл шаршы суырып алған оқушылар «Жоқ, келіспеймін ...» деп қарсы пікір айтып, өз сөздеріне аргумент келтіріп, ойларын ортаға салады.
Сабақтың соңы:
Рефлексия: «Үш көмекші» әдісін қоланыңыз.
1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.
2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі
сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).
3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).
4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).
(Ө) Оқушылар осы сұрақтарына кезекпен жауап береді.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрелндіріп бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?