👈 қаріп өлшемі 👉

Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.6. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
  • 3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып бағалайды және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды.

Көптеген оқушылар: мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады

Бағалау критерийлері

  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөліктерді анықтайды
  • кейіпкердің портретін сипаттайды;
  • кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды;

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Мәтінді оқыту барысында құрмет құндылығын дарыту; Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында

ынтымақтастық орта қалыптастыру;

Графикалық органайзермен жұмыс кезінде шығармашылық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

  • Сабақ барысы бойынша слайд

Бастапқы білім

Өткен сыныптар бойынша кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен таба алады және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтау дағдысы қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Сабақ басында: Ширату: (Ж) «Өзгертулерді тап!» әдісі

1.Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады.

2.Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады.

3.Оқушылар шаштарын өзгертіп, сыртқы киімін, сырға немесе көзілдірігін шешіп немесе киіп, сыртқы пішіндерін көңіл-күйлерін өзгертулері керек.

4.Бір-бірлеріне қарап, сол өзгертулерді анықтайды

Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін «Біз не істедік?» (Сипаттадық), «Не байқадыңдар?» деген сұрақтар қойылады.

Демек, біз бүгінгі сабақта кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекетін мәтіннен тауып, бағалаймыз.

3- слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

12 минут

7 минут

 

8 минут

Анықтайық. Ойлан, жұптас, бөліс. «Суреттегі құсбегі туралы не айтасың?» деген тапсырма беріледі.

1. Ойлан. Оқушылар суретке қарап жеке ойланады.

2. Жұптас. Өз жұбына құсбегі жайлы не ойлайтынын айтады.

3. Бөліс. Жұптар құсбегі жайлы өздерінің бір ойын ортаға салады.

(МТ) Портрет – кейіпкердің сырт көрінісін, кескін –кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.

Мәтінмен жұмыс: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» мәтіні.

Оқиық. (Ө) «Сандықша» әдісі. Мәтіннен кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеттерін сипаттайтын бөліктерді белгілеп отырып, түсініп оқы.

1.Мәтінді оқып отырып, керекті бөліктерін стикерге жазып отырады.

2.Жазған стикерлерін сандықшаға жинайды (жабыстырады).

ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

 Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

Жазайық. (Т, Ұ) «Фишбоун» әдісі. Мәтінге сүйеніп, кейіпкердің портреті мен іс-әрекеттерін анықтап, жаз.

1. Сандықша ішіндегі стикерге жазылған мәтін бөліктерін пайдаланып, кестені толтыру:

  • Балықтың басына басты кейіпкердің аты жазылады.
  • Оң жақ қабырға сүйектеріне кейіпкердің түр тұлғасы жазылады.
  • Сол жақ қабырға сүйектеріне, іс-әрекеті яғни, оқиғалар жазылады.
  • Құйрығына кейіпкерді бағалап 1 сөз жазылады.

2.Топтардың жауабы тыңдалып, талқыланады.

ҚБ.: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады

Жасыл түс – барлығын жаздым, түсінікті болды.

Қызыл түс –екі бағанын жаздым, түсінбеген жерлерім бар

Сары түс – барлығын жазған жоқпын, түсінбедім.

Бағлайық. (Т). «Қабырға сұлбасы» әдісі. Ораздың іс-әрекетін анықтап, баға бер.

  •  Сұлбаның ішіне Ораздың іс-әрекеті жазады.
  •  Сұлбаның сыртына Ораздың іс-әрекетіне баға беріп жазады.
  •  Оқушылардың жауабы тыңдалып, талқыланады.

ҚБ: Бұл тапсырма «Жапондық бағалау» әдісі (оқушылар бір-біріне баға береді) арқылы бағаланады.

  • Дұрыс, мен келісемін десе, сұқ саусақтарын көрсетеді;
  • Басқа көзқарасым бар десе, сұқ саусақтары мен ортаңғы саусақтарын қатар көрсетеді;
  • Толықтырамын, қосатыным бар десе, жұдырықтарын түйеді.

4-слайд

1-қосымша

Стикерлер, сандықша.

5-слайд

«Балық қаңқасы» диаграммасы

2-қосымша

6 слайд

Қабырға сұлбасының суреті

7 слайд

3-қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Үш көмекші» әдісі 

1.Әр оқушы алдыларынан үш стикерден алады.

2.Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі

сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі (жабыстырады).

3.Екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына іледі (жабыстырады).

4.Үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі (жабыстырады).

10 слайд

Стикерлер, жүрек, бас, қол суреттері

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма. «Дереккөздер арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылардың сурет бойынша не ойлайтынын сұраңыз. Ал қабілетті оқушылардың қосымша білетін мәліметтері бойынша тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

3-тапсырма. Кейіпкердің портретін сипаттауда нәтиже арқылы саралау жүргізіледі.

4-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету» арқылы саралау. Қабілеті төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, әр оқушының шығармашылық қабілеттерін ескеріп, жұмыстағы рөлдерді бөліңіз.

  • Оқушылардың «3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау» мақсатына қол жеткізгенін келесі дескрипторлар арқылы бағаланып отырды:
  • мәтінді оқиды
  • мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған бөліктерді анықтайды
  • кейіпкердің портретін тауып жазады
  • кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды;

Сабақ бойынша рефлексия


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы