Шығарманы мазмұндау. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Шығарманы мазмұндау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/сахналау

 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: кейіпкерлердің портретін сипаттап оның іс-әрекетін, мінез-құлқына баға береді және өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндайды.

 Көптеген оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, мінез-құлқынын анықтап, соған ұқсас мысалмен байланыстырып мазмұндай алады.

 Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап баға беріп, өзінің бойындағы қасиеттерді байланыстырып мазмұндай алады

 

 Бағалау критерийлері:

  • Мәтінді теріп оқиды
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді.
  • Өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндайды

 

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Бұл кім?» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Мұғалім сыныптағы бір оқушыны сипаттап айтады: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін, мінез-құлқын келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.

 Бір-екі сипаттан кейін оқушылардан: «Бұл кім?

 Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптарын тыңдаймын. Оқушылар таппаса, сипаттауды әрі қарай жалғастыра береді. Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол ақ жейде киген... Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қаламсап бар... Ол кім?...».

 Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.

 Сабақ мақсатын бірге анықтау: Қандай іс-әрекет жасадық?

 Сұрақтар қандай болады?

 Балалар, ендеше бүгін біз сендермен кейіпкерлердің портретін сипаттап, мінез-құлқын анықтаймыз, шығарманың мазмұнын айтамыз.

 Сабақтың ортасы:

 1-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  «Джигсо» әдісімен Қанекей Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға» мәтіні оқылады.

 Мәтін төрт бөлікке бөлінеді. Оқушылар төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» арқылы сараланады. Тапсырманы орындау барысында нақты көмек қажет керек болатын оқушыларға қолдау көрсету.

 Қ/Б. «Бағдаршам» әдісі. Жасыл түсі -барлық тапсырма орындалды.

 Сары түсі – тапсырманы орташа деңгейде жасады.

 Қызыл түсі– тапсырма қате орындалған немесе мүлдем жоқ.

 

 2-тапсырма. Табайық..

 (ЖЖ). ««Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Оқушылар жұптасып «Ақ қайың» мен «Қарағаштың» іс-әрекеті неге өзгергенін мәтіннен іздеп табады.

 1) кейіпкердің іс-әрекеті неге өзгергенін мәтінен тауып, түртіп алады.

 3) неге өзгерген себептерін талқылап ортада түсіндіреді.

 Саралау:. «Қарқын» арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Қ/Б: «Күншуақ». Күннің шуағына тапсырма бойынша түсінгенін, түсінбегендерін жазады.

 

 3-тапсырма. Анықтайық.

 (Т). «Қабырға сұлбасы» әдісі арқылы орындалады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Оқушылар Тобылғының портерін сипаттайды, іс-әрекетіне, мінез-құлқына баға береді. Топтарға кейіпкердің сұлбасы бар қағаз таратылады.

 1) Тобылғының портретін білдіретін сөздерді ішіне жазады

 2) сыртына іс-әкеретіне, мінез-құлқына баға берітін сөздерді жазады.

 3) жазғандарын оқиды.

 4) топтар жұмыстарын бағалайды

 Саралау: «Қортынды арқылы саралау». Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігі түсінгендеріне көз жеткізу.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 

 4-тапсырма. Мазмұндайық.

 (Т). Мұғалім әр топқа мәтін мазмұны бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау тапсырылады.

 Оқушылар әңгімені келесі критерий бойынша мазмұндайды.

 Зерттеңіз: кейіпкердің біреуін таңдап, шығарма ішінен суреттеген жерді айтады.

 Дәлелдеңіз: кейіпкерлердің кім болғанын мазмұндап, шығарма ішінен дәлел келтіріп айтады.

 Талқылаңыз: кейіпкерлердің іс-әрекеті жайлы мазмұндап, мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалайды.

 4. Оқушылардың өз еріктері бойынша әңгіменің мазмұнын сұраңыз.

 5. Оқушылардың жауаптарын бағалаңыз.

 Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігіне көз жеткізу үшін «Нәтиже арқылы саралау» жүргізіледі.

 Қ/Б: «Бағдаршам». Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды немесе жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

 Сабақтың соңы.

Рефлексия. « «Шеринг» әдісі.

 (Ұ). Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Барлығы шеңберде тұрады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу