Мини-жоба «Әлемді өзгерткен ашылымдар». Презентация жасау. (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

 Мини-жоба «Әлемді өзгерткен ашылымдар». Презентация жасау. (Информатика, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Мини-жоба «Әлемді өзгерткен ашылымдар». Презентация жасау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.3.1 жалпы қолданыстағы папканың ішіндегі файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
5.4.2.2 құжаттарға құпиясөз орнату
Сабақ мақсаттары: • Оқушыларда бірігіп құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту (Google Drive).
• жалпы қолданыстағы папканың ішіндегі файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
• құжаттарға құпиясөз орнату.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын және оқу мақсаттарын анықтау. Сонымен қатар мини-жоба дайындау бойынша сабақтың соңындағы күтілетін нәтижелер талқыланады. (оқушылардың іс-әрекет жоспары)

(Т) Оқушылар «Әлемді өзгерткен ашылымдар» тақырыбы бойынша жоба жасауды бастайды. Мұғалім бұл жобаның дайындау формасы әртүрлі болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Мысалы:
• «Ғылым жаңалықтары» журналында мақала
• Фотоколлаж
• Жарнама баннері
• Постер
• Компьютерлік презентация және т.б.

(Жобалық жұмыс 3-5 оқушалардан түратын топтарда орындалады. Оқушылар өткен сабақтағы зерттеу кезеңінің алдында топтарға бөлінеді деп ойластырылды)

(Т) Оқушылар жобаның презентациясын әзірлеу үшін өздеріне ыңғайлы бағдарламаны таңдайды. Мұғалім мәтіндік редактор, графикалық редактор және презентация дайындау бағдарламасын таңдағанда оқушыларға көмектеседі.

Сонымен қатар оқушылар мини-жобаның презентациясының түрі қандай болатынымен анықталады. Ақпаратты орналастырудың түрі, фон түсі, экрандағы суреттердің орналасуы, түсі, қаріптің өлшемі мен түрі сияқты сұрақтар топта талқыланады және шешім қабылданады.
Презентацияның атауын дайындау. Алдында талқылағанда айтылған ұсыныстарды ескере отырып, топ өздерінің мини – жобасының атауын жазады және оны көркемдейді.
Презентацияны ақпаратпен толықтыру. Оқушылар, өткен сабақта жиналған ақпаратты, суреттерді презентацияға қосады және оны көркемдейді. Мұғалім әрбір топтың қасына келіп олардың өзіндік жұмыстарын қарайды және жақсартуға болатын жерлерді өзіне белгілейді.

Ақпарат дереккөздеріне сілтемелерді көрсету. Мұғалім ақпарат дереккөздеріне сілтемелерді көрсетудің маңыздылығын ескертеді. Оқушылар презентацияның осы сұрағы бойынша жұмыс істейді және керек кездерде мұғалімнен кеңес алады.
Дифференциациялау: Осы жұмысты ерте аяқтаған оқушылар презентацияға дыбыстық көркемдеу немесе анимация қосу кезеңіне кірісуге болады.

Барлық топтарға презентацияға дыбыстық көркемдеу немесе анимация қосу кезеңіне кірісуге болады. Оқушылар презентация атауының және топтағы әрбір оқушының жазылған аты-жөні барын тексереді.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 497



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?