Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

 Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 3-сабақ
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді, экономикалық байланыстардың, өнер мен ғылымның дамуына ықпалын талдайды.
Ұйымдастыру бөлімі
Бастапқы ынталандырушы материал.
Ұлы Жібек жолының картасын немесе түрлі-түсті суреттермен берілген иллюстрациясын көрсетіп, жібек матасының өндірісі туралы әңгіме-диалог өткізіңіз. Не білетіндерін анықтауға бағытталған сұрақтар қойыңыз
• Сіздер көріп отырған суреттен қандай мәлімет алуға болады?
• Берілген суреттердің арасында қандай байланыс бар?
• Бұл жол неліктен Ұлы Жібек жолы деп аталған?
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Т 1-тапсырма. Ортағасырлық қалалар бойынша көрме дайындау.
1-топ. Отырар
2-топ. Испиджаб
3-топ. Тараз
4-топ. Йасы
Рөлдік ойын сценарийі бойынша «қала тұрғындары» (топтағы оқушылар) өнер көрмесін көрсетуге дайындалу қажеттігін ескертіңіз.
Әр топ өзіне бөлінген қала бойынша қосымша материалдарды, оқулықтардан алынған деректерді, таратпа сурет, иллюстрацияларды зерттеуге кіріседі.
Зерттелетін аспектілер негізінде тапсырмаларды беріңіз:
 Өз қалаңның архитектурасын суретте;
 Сенің қалаңда сауданың қандай түрлері дамығанын анықта;
 Жергілікті шеберханалар өнімдерінің тізімін жаса;
 Ақша түрлерін анықта;
 Сенің қалаңда қандай діни мекемелер барын зертте.
 Сенің қалаңа шетелдік саяхатшылар, саудагерлер келе ме?
 Сенің қалаңда қандай атақты ғұламалар, білім ордалары бар екендігін білесің бе?
Оқушылар өз жауаптарын презентация немесе макет түрінде суреттеп, «Өнер көрмесінде» ортағасырлық қаланың Ұлы Жібек жолындағы маңызын дәлелдеуі керек. Гид рөлінде өз қаласын таныстырулары керек.
Топтық бағалау
Бағалау критерийі: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің, сәулет өнері, өнер мен білімнің дамуына ықпалын түсіндіреді.
Дескрипторлар:Әр топ өз қаласы бойынша:
Архитектурасын суреттейді;
Сауда түрлерін түсіндіреді;
Қолөнердің дамуына дәлелдер келтіреді;
Діннің таралуын сипаттайды;
Шетелдік саяхатшы, саудагерлердің болғанына дәлел келтіреді;
Атақты ғұламалардың еңбектерінен мысал келтіреді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 768



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі