file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Темір өндірісі адам өмірін қалай өзгертті? (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

 Темір өндірісі адам өмірін қалай өзгертті? (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Темір өндірісі адам өмірін қалай өзгертті? (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
Оқу мақсаты: Металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру.
БЫМ Сынып оқушыларына темірден жасалған заттардың түрлі-түсті суреттерінің топтамасын (кез-келген темірден жасалған затты көрсетуге де болады) ұсыныңыз. Төменде көрсетілген сұрақтар аясында сыныппен талқылау ұйымдастырыңыз.
• Сіздер нені көрдіңіздер?
• Бұл заттар қандай металлдан жасалған?
• Адамдар неліктен бұл заттарды темірден жасаған?
Оқушылардың болжамдарын тыңдап, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.
Т/Ж Мәтінмен жұмыс. «Құмырсқа» стратегиясы (ran dictation)
БІЛУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Сынып оқушыларын бірнеше топтарға біріктіріп, әрбір топ жеке тапсырма алады. Сол тапсырмаға сай ақпараттар сынып қабырғаларының әрбір жерлеріне ілінеді. Мәтін ішіндегі кілтті сөздер қарайтылған шрифтімен белгіленеді. Әрбір топтан бір оқушы жүгіріп жүріп топқа кілт сөздерді ретімен айтып келіп тұрады. Топтағы бір оқушы жазып отырады. Таймердің дыбысы 1-2 мин уақыт біткенін хабарлайды. Келесі қадам. Мұғалім әр тапсырмаға сәйкес кілт сөздерді сұрайды. Барлық топтар сөздерін айтып шығуы керек. Сонан соң әр топқа постерге ағаш суретін салып, ағаштың үш бұтағына үш сұрақты жазуды сұраңыз.
• Неліктен бұл кезең темір дәуірі деп аталды?
• Темір игеруді меңгеру ежелгі адамдардың өміріне қандай өзгерістер әкелді?
• Темір дәуірінің ерекшелігі неде?
Енді топтар сағат тілі бойынша постерлерімен алмасады. Топта талқылау арқылы бұтақтарға жапырақтар салып оған дұрыс жауаптарды жазуы керек. Қай топтың жауабы толық болса сол топ жеңімпаз болады.
Дискрипторлары:
• Ерте темір дәуірінің хронологиясын екі кезеңге бөліп дұрыс көрсете алады;
• Темір игерудің ежелгі адам өміріне әкелген кем дегенде екі өзгерісін түсіндіреді;
• Темір дәуірінің ерекшелігі кем дегенде екі ерекшелігін анықтайды;

ҚОЛДАНУ ДАҒДЫСЫ САБАҚТЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Ж Кестемен жұмыс. Оқушылар темір дәуірінде орын алған өзгерістерді анықтау үшін, кестемен жұмысты тапсырыңыз. Бастапқы кезде әр оқушы жұмысты дара орындайды. Сыныптасымен кестені алмастырып, бір-бірінің жұмыстарын толықтырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 417



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?