Сабақ жоспары (қмж): Қазақстан жерінде металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Сабақ жоспары (қмж): Қазақстан жерінде металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы: Қазақстан жерінде металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру
5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру
Сабақ мақсаттары: Метал өндірісінің дамуының ежелгі адамдардың өміріне тигізген өзгерістері туралы суреттерден, бейне-баяннан көрсете отырып түсінік қалыптастыру. Қазақстан жерінен табылған тас дәуірінің ескерткіштері туралы мәліметтермен жұмыс жасай отырып, тас дәуірінің ерекшеліктерн білу.
Сабақтың басы
Сабақ басында:
Сыныпқа мыс пен тастан жасалынған заттардың түрлі суреттерін көрсетеміз.
Оқушыларды суреттерді топтастыруды сұраңыз. Содан келесі сұрақтарды қойыңыз:
• Берілген заттарды (суреттерді) қандай белгілері бойынша топтастырдыңыздар?
• Осы заттардың қандай қасиеттерін сипаттай аласыздар?
Бағалау. Мұғалім үздік жауап берген оқушыларды атап өтеді. Сыйлықтармен марапаттайды
Сабақтың ортасы
Б Мұғалім слайдтардан көрсете отырып, ежелгі адамдардың мысты қалай өндіргендігі туралы түсіндіреді.
Мыс-тас дәуірінде екі ірі өзгеріс: еңбек бөлінісі мен аталық рудың орнай бастағандығы туралы түсінік қалыптастырады.
Ж Ақиқат немесе жалған.
Тапсырма ақиқат жалған
Палеолит дәуірінде ең көп таралған жануарлар - мамонттар
Ғылымда “мезолит төңкерісі” деп аталатын құбылыс бар
Мезолит дәуірінің өнертабысы - садақ
Ботай тұрағы Солтүстік Қазақстаннан табылды
Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру анемизм деп аталады
Ежелгі адамдар Оңтүстік Қазақстанда бұдан 1 млн. жыл бұрын пайда болған
Ең алғашқы қоғамдық бөлініс - егіншіліктен қолөнердің бөлінуі
Неолит дәуірінде қыш құмыра жасау пайда болды
Бағалау. Оқушылар тапсырманы дәпрерлеріне орындайды. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қарап әр дұрыс жауапқа 1 балдан қойып шығады.
Зерттеу мен талдау
Сыныпты төрт топқа бөліп, мысты-тас дәуірін сипаттайтын мәтін ұсынамыз.
Т Оқушыларға топтық тапсырмаларды түрлендіріп береміз.
Алдын-ала мысты тас дәуіріндегі тұрақтарға қатысты сөздер мен суреттерді ұсынамыз. Оқушыға өздерінің тапсырмасына сәйкес сөздер мен суреттерді таңдап алуды тапсырыңыз.
І және ІІ топ оқушылары Шебір және Ботай тұрақтары бойынша мәліметтерді жинақтайды, стикерлерге ерекшеліктерін жазып, тақтадағы кестеге жабыстырып, толтырады.
Интерактивті тақтаға кесте шығарыңыз.
Шаруашылы
ғы Табыл
ған бұйымдар Айырмашылығы Ұқсастығы
Ботай мәдениеті
Шебір тұрағы
ІІІ топ: Кен өндірудің әдіс-тәсілдерін зерттейді;
IV топ: Металлдан жасалған еңбек құралдарының шаруашылық салаларына тигізген ықпалын тірек-сызбамен дәлелдеп түсіндіреді.
Т Әр топ өзінің зерттеулерін қорғайды. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюын ұйымдастырыңыз.
Интерпретация
Б Жұмыс нәтижелерін, яғни Қазақстан жеріндегі алғашқы кен өндіру адамдардың өмірін қалай өзгерткенін оқушылар шығармашылық түрде көрсетулері тиіс.
• Сурет салу
• Макет жасау
• Фотоколлаж құрастыру
• Постер жасау
• Баяндама жазу
Бағалау. Мұғалім оқушыларды жұмыс жасау барысында бақылап жүреді, қажет болса кеңестер береді. Әр топ өз жұмыстарын аяқтағаннан кейін, мұғалім жақсы жақтарын атап өтеді. Үздік жауаптар берген оқушыларды атайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 708



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?