👈 қаріп өлшемі 👉

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 3-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
Топқа бөлу
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ. «Кубизм» стратегиясы
1-топ. Білу
Дастанның шығу тарихына қатысты деректер, «Еңлік-Кебек» дастанының шын мәніндегі поэма екендігі туралы интернеттен қосымша ақпараттар жинайды.
2-топ. Түсіну
Дастанның негізгі идеясы мен тақырыбын ашады. Ескіліктің бұлжымас заңының дастандағы көрінісін және ру арасындағы тартысты суреттеп көрсете білуі, екі жас арасындағы махаббат, әйел теңсіздігі туралы ақпараттар жинайды.
3-топ. Қолдану
Шығармадан үзінділерді іріктей отырып, дастан оқиғаларын ой картасына түсіреді; постер қорғау барысында неге сол жолдарды таңдап алғанын дәлелдеуге тиіс.
4-топ. Анализ.
Шығарманың эпилог, прологтарын тауып, композициялық құрылымын талдап жазады:
Оқиғаның басталуы
Оқиғаның байланысы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі
5-топ. Синтез
Еңлік пен Кебек басынан өткен жайлар бү¬кіл халықтық траге-дия¬ның көрінісі екенін басқа да шығармалардан, зерттеу еңбектерінен дәлелдер келтіре отырып ашыңыздар.
6-топ. Бағалау
Филология ғылымының докторы, профессор Қанипаш Мәндібай «Шәкәрім осы шығарманы ... қазақтың шын мәнінде поэма деңгейінде көтеріп жазған. Біздің әдебиет тарихымыздағы құнды жәдігерлердің бірінің мәтіндік нұсқасы ретінде таныстырылады. Екіншіден, әдебиет тарихындағы жалпы қазақ руханиятындағы айрықша тұлға, ықпалды тұлға Шәкәрім шығармашылығының бір фактісі есебінде таныстырылады» деген пікірін өрбітіп, Шәкәрімнің «Еңлік-Кебек» дастанының қазақ әдебиеті тарихындағы орнына баға беріңіздер.

Оқушылар әр топтың талдауларын тыңдап болғаннан кейін келісетін/келіспейтінін айтып, бірден ауызша бағалап отырады.

2- тапсырма ТЖ. «Дастархан» стратегиясы
Оқушылар дастарханның төрт бұрышына сұрақтарға жауап жазады.
• Феодалдық салт-дәстүр, қатыгездік үстемдік құрып тұрған заманда автордың жастардың бас бостандығы мәселесін көтеруінің себебі не?
• Пафосқа тән белгілер (құлшыныс, құштарлық, асқақтық, қуатты сезім мен терең шабыт) дастанның қай тұстарында көрініс береді?
• «Қазақ руханиятындағы айрықша тұлға, ықпалды тұлға Шәкәрім» (Қ.Мәндібай пікірі) осы дастаны арқылы қазақ әдебиетінің дамуына қандай үлес қосты?
• Дастанның өміршеңдігінің себебі неде? Зерттеушілер пікіріне сүйеніп, өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.
Осы тапсырмалар бойынша топ мүшелері өз пікірлерін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын сынып алдында қорғайды. Басқа топтар жұмысын қорғайтын топты бағалау критерийіне сүйеніп бағалап отырады.
Бағалау ритерийі Дескриптор:
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талдай алады. 1.шығарманың идеясы мен пафосын анықтайды;
2. автордың осы дастан арқылы қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесіне
баға беріп, ұлттық мүддемен байланыстырады;
3. дастанның өміршеңдігіне өз көзқарасын білдіріп, баға береді.
3- тапсырма Ж.,ЖЖ.,ТЖ.,С.
«Ойлан, бірік, бөліс!»
Оқушылар сабақ мақсатына байланысты ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылап, тұжырым жасайды (Бөліс).
Мұғалім оқушылардың жауаптарын түрлі-түсті стикерлермен бағалап отырады......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 100 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы