👈 қаріп өлшемі 👉

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу
Сабақ мақсаты: Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазады.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
«Бес қадам» стратегиясы
Оқушылар қадам аттаған сайын 5 сұраққа жауап береді:
 Ш.Құдайбердіұлының өз бетіңізбен оқыған 5 шығармасын атаңыз.
 «Еңлік-Кебек» дастанының 5 кейіпкерін атаңыз.
 «Еңлік-Кебек» дастанынан өзіңізге ұнаған 5 көркем сөз айтыңыз.
 Семей топырағында дүниеге келген 5 атақты тұлғаны атаңыз.
Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады. Топқа бөлу.
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ. «МИКС» жаттығуы
1- топ Еңлік-Кебекке арнап өлең шығарады;
2- топ «Еңлік-Кебек» дастанының тағылымы туралы өз пікірлерін жинақтап, шағын эссе жазады;
3- топ «Еңлік-Кебек» дастанының үзіндісінен сахналық көрініс дайындайды;
4- топ Шәкәрімнің бір әнін топпен орындайды.
Топтар бірін-бірі бағдаршам көтеру (қызыл-өте жақсы, жасыл –жақсы, сары – орташа) арқылы бағалайды.
2- тапсырма Ж. «Қабырға газеті»
1-қадам. Оқушыларға дастан үзіндісі бөліп беріледі. Оқушылар түрлі-түсті қағаздардан өздеріне ұнағанын таңдап, әртүрлі кескіндер қиып алады (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, т.б.), жанр таңдап (өлең, құттықтау, әңгіме, аңыз, ертегі т.б.), өзіне берілген шығарма үзіндісін қайта өңдеп, сезімдерін, креативті жазуларын кескіндерге жазады;
2-қадам. Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді;
3-қадам. Қабырға газетіне саяхат: мұғалім белгі берісімен топтар қабырға газеттерін қарайды, оқиды, сараптайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жазып кетеді.
4-қадам. Саяхат аяқталған соң, топ мүшелері өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптап, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.
Топтық бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей біліп, креативті жазу жаза алады.  шығарма үзіндісін қайта өңдей біледі;
өз ойын көркем тілмен жеткізе алады;
креативті идеясымен оқырманын сезіміне әсер етеді.
3- тапсырма Ж. «DEAL»
Топтар жеребе бойынша бір тапсырманы алып, «Еңлік-Кебек» дастаны бойынша өз ойын айтады.
D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).
E –Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).
A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).
L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру)......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 100 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы