Өкпе құрылысының топографиялық анатомиялық құрылысы


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Топографиялық анатомия кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: “Өкпе құрылысының топографиялық анатомиялық құрылысы”

Орындаған: 330 топ студенті

Сахабина А.А

Тексереген:Кайырбекова К.К

Қарағанды 2011ж

Өкпе pulmones, көкірек қуысында жүрек пен үлкен тамырлардың жанында, омыртқа жотасының артынан алдыңғы көкірек қабырғасы алдына дейін созылатын көкірек аралықпен mediastinum,бір-бірінен бөлінген плевра қапшықтарында орналасады. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеге қарағанда көлемділеу, сонымен бірге ол біршама қысқалау және кеңдеу,өйткені,біріншіден ,көкеттің оң жақ күмбезі сол жақ күмбезінен жоғарылау тұрады,екіншіден,жүрек солға қараңқырай орналасып,сол жақ өкпенің енін азайтады.

Өкпеде алты түтікті жүйе бар: бронхтар, өкпелік артериялар мен веналар, бронхтық артериялар мен веналар, лимфа тамырлары.

Олардың көпшілігі бір біріне паралель жүреді, өкпенің ішкі топографиясының қан тамырлық бронхтық негізін құрайды. Осы қан тамыр бронх шоғырларына сәйкес әр бөләк бөлек бөлек бөліктерден тұрады. Оларды бронх өкпелік сегменттер деп атайды.

Өкпелік хирургияның дамуы өкпенің ұсақ құрылымдары өкпе сегменттерін зерттеуге әкелді.

Бронх өкпелік сегмент бөліктік бронхтар және онымен бірге жүретін өкпелік артериялар мен тамырлары бар өкпе бетіне сәйкес келеді.ол басқа сегменттерден дәнекер тіндік перделерен бөлінген жіне онда сегментарлық веналар өтеді.

Өкпе сегментінің формасы бұрыс призма немесе пирамидаға ұқсас болып келеді. Төбесі қақпаға, негізі өкпе бетіне қараған.Өкпе беткейінде өкпе сегментарлы құрылымды екенің өкпе беткейінің пигментациясының әртүрлілігінен көрініп тұрады.

Бронх өкпелік сегмент өкпенің функционалдық морфологиялық бірлігі. Олар әр түрлі патологиялық процесстерді тез анықтап өкпе резекциясын (алып тастау) жасау ынғайлы. Оң жақ бронхы сол жақ бронхыдан кеңдеу, өйткені оң жақ өкпенің көлемі сол жақ бронхыға қарағанда екі еседей ұзындау,оң жақ бронхыда 6-8,ал сол жақ бронхыда 9-12 шеміршекті сақина болады.

Өкпенің көптеген жіктелулері бар. Әр түрлі мамандық өкілдері (хирург, рентгенолог, анатом) сегменттердің әр түрлә санын көрсетеді. (4тен 10ға)

Өкпе аурулары бойынша специалистер мен оталарингологтар қоғамы ұсынған Лондондағы классификациясы жиі ұсынылады. Ол классификация Париждегі анатомдардың халқаралық конгресінде толықтырылған.

Оң өкпе сегменттері:

Жоғарғы бөлім: s.apicale, s.posterius,s.anterius.

Ортаңғы бөлім : s. laterale, s.mediale

Төменгі бөлім: s. apicale superius, s.basale mediale, s.basale anterius, s.basale laterale, s.basale posterius.

Сол өкпе сегменттері:

Жоғарғы бөлім: s.apicoposterius, s.lingularesuperius, s.lingulareinferius,s.anterius.

Төменгі бөлім: s. apicale superius, s.basale mediale, s.basale anterius, s.basale posterius.

Қолданылған әдебиеттер:

Г.Е.Островерхов “Топографическая анатомия и оперативная хирургия”

А. Рақышев “Анатомия”

Привес “Нормальная анатомия”



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу